Құрметті Ерлан Жақанұлы!
Құрметті депутаттар!
Сіздердің қарауыңызға «Орталық Азия «халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы» келісімді ратификациялауға бағытталған заң жобасы ұсынылып отыр.
Келісім Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақ-тастықжөніндегі Үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының шешімін іске асыру болып отыр.
Орталықта «Атамекен» (Қазақстан) және «Гулистан» (Өзбекстан) бақылау-өткізу бекеттеріне жақын орналасқан және өндірістік алаңдар сақтау қоймаларысондай-ақ көлік инфрақұрылымы болады. Бұл жүк тасымалдауды жылдамдатуға логистикалық шығындарды азайтуға жеткізу тізбегіндегі қатысушылар санын қысқартуға тұтынушы үшін өнімнің соңғы құнын төмендетуге жеткізілім-дердің жылдамдығын арттыруға сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі аясында өндірістік кооперацияны дамытуға мүмкіндік береді.
Келісім бойынша Орталықтың жалпы аумағы 100 гектар. Қазақстан бөлігі — 50 гектар Өзбекстан бөлігі — 50 гектар.
Белгіленген аумаққа өңірлік индустриялық аймақ мәртебесі беріледі.
Орталықтың инфраструктура құрылымы бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Түркістан облысы әкімдігі ашық конкурс өткізіп негізгі инвесторды анықтады.
Инвестор Орталықтың ішкі және сыртқы инфрақұрылымына инвестиция салатын болады.
Қазіргі таңда инвестор Орталықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.
Техникалық және құрылыс жүмыстары 2026 жылдың 4-тоқсанына аяқталып, ресми ашылуы 2027 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланып отыр.
Орталық жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруды ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдерді қайта өңдеуді машина жасау мен метал өңдеу фармацевтика электротехника химия тері өңдеу тоқыма және тігін өнеркәсібі саласындағы өндірісті дамытуға қолдау көрсетеді. Оған қоса «Global Textile» компаниясының дайын тоқыма өнімдерін өндіру жобасы жүзеге асырылады.
Келісімді ратификациялау «Орталық Азия» халықаралық өндірістік кооперация орталығының құрылуы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың одан әрі артуына оң әсерін тигізіпекі елдің өндірушілері мен кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыстарды жандандырады.