Цифрландыру департаменті жұмысының негізгі мақсаты ақпараттандыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындау және бекіту, цифрландыру мәселелері бойынша ҚР сауда және интеграция министрлігінің жұмысын үйлестіру және "Цифрлық Қазақстан"мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мониторингі болып табылады.
Департамент бір басқармадан және жобалық кеңседен тұрады.
Министрліктің жобалық цифрландыру кеңсесінің мақсаттары:
- Сауда саласында цифрландыруды дамытуға жәрдемдесу;
-Министрлік қызметінің бизнес-процестерін, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру;
- Министрліктің жеке АКТ инфрақұрылымын дамыту;
- Министрліктің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
- Министрліктің сервистері мен қызметтерін дамыту.