Меню

Страницы

Статья

Электрондық сауда мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің отырысына арналған тезистер 2024 жылғы «14» қаңтар

Электрондық сауда әлемдік экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Бүгінде әлем халқының 30 пайызы интернет арқылы онлайн сауда жасайды. 2024 жылы жаһандық электрондық коммерция нарығының жалпы көлемі шамамен 6,3 триллион АҚШ долларын құрап, оның ішінде электрондық сауданың үлесі 20% пайызды құрады. Алдағы жылдары электрондық коммерцияның көлемі 8,3 триллионға дейін өседі деп болжануда.

Сауда құрылымы қарқынды түрде өзгеріп жатыр. Төмендегідей жаңа трендтер пайда болуда:

       жасанды интеллект технологияларын енгізу, дербестендіру (персонализация);

       әлеуметтік желілер арқылы сауданың өсуі, стримингтер арқылы сауда жасау.

Сонымен қатар, компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі артып, экологиялық таза өнімдерге сұраныс артуда.

3 СЛАЙД.

Электрондық сауда Қазақстанда да қарқынды дамып, қазіргі уақытта біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды.

2020 жылдан бастап оның көлемі 5 есе өсті, алайда әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен.

2024 жылдың 11 айы бойынша алдын-ала жасалған деректерге сәйкес, Қазақстандағы электрондық сауда көлемі шамамен 3,2 триллион теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемінен жоспарланған 14,5%-дан 15% пайызға дейін артуы болжануда.

Елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кең таралуы, бөлшек финтех саласының дамуы мен интернеттің қолжетімділігімен, сондай-ақ 8 миллионнан астам жас халықтың көп болуына байланысты, Қазақстан жоғары даму әлеуетіне ие болып отыр.

2029 жылға дейін электрондық сауданың бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесін 18,5%-ға дейін арттыру, немесе 9,3 триллион теңгеге жеткізу. Бұл электрондық сауда көлемін іс жүзінде 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

4 СЛАЙД.

Электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында өткен жылдың сәуірінде 2027 жылға дейінгі электрондық сауданы дамыту жоспары қабылданды.

Қабылданған жоспар шеңберінде электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, барлық өңірлерде электрондық сауда бойынша оқу курстарын жүргізу, сондай-ақ электрондық сауда кәсіпкерлеріне мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын жүргізу жұмыстары жалғасуда.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республика бойынша кәсіпкерлер үшін электрондық сауда бойынша оқу орталықтары ашылды.

Өткен жылы электрондық сауда субъектілеріне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру түрінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережелері қабылданды.

Электрондық сауда инфрақұрылымы дамып жатыр, оның ішінде:

Меншікті инфрақұрылымы 100 мың шаршы метр болатын Teez жаңа қазақстандық маркетплейс іске қосылды, жақын арада 10 мың жұмыс орны құрылады. Инвестициялар 50 миллион АҚШ доллар құрады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Ozon және Wildberries маркетплейстер Астана және Алматы қалаларында инвестиция көлемі 101,3 миллиард теңге болатын жалпы ауданы 291 мың шаршы метр 3 орталық салу жоспарлануда.

Трансшекаралық электрондық сауданы ынталандыру мақсатында өткен жылдың 6 қарашасында Бішкек қаласында, Түркі мемлекеттерінің ұйымы шеңберінде Үкіметаралық Келісімге қол қойылды.

Электрондық сауда саласында халықаралық құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық және Орталық Азия аясында жүзеге асырылуда.

5 СЛАЙД.

Электрондық сауданың жоғары қарқынмен даму жағдайын ескере отырып, оның бөлшек сауда құрылымына әсері талданды.

Осы мақсатта өткен жылдың қазан айында нарықтың негізгі қатысушылары мен мемлекеттік органдарды қамтитын жұмыс тобы құрылды.

Талдауға бөлшек сауда саласындағы 400 мыңнан астам компанияның деректері енгізілді. Деректер жиынтық түрде ұсынылып, бөлшек сауда секторындағы негізгі үрдістер мен құрылымдық өзгерістерді көрсетеді.

Онлайн және офлайн сауда сатушыларының типтік портреті әзірленді. Барлық көрсеткіштер бойынша онлайн сауда тиімдірек анықталды. Өйткені, ондай компаниялар ірі, тұрақтылығы жоғары, сатылымдары мен қызметкерлер саны көп.

Белсенді онлайн-компаниялар бөлшек саудадағы барлық кәсіпорындардың 12,6%-ын  құрайды. Сонымен қатар олар:

       300 мыңнан астам жұмыс орнын ашады;

       онлайн-сауданың өнімділігі 33%-ға жоғары;

       бөлшек сауда секторында салық түсімдерінің 60% пайыздын қамтамасыз етеді.

Елімізде, бөлшек саудамен айналысатын 505  мың офлайн компания 3 жыл ішінде 240 миллиард теңге салық төлеген. Ал онлайн саудамен айналысатын 73 мың компания 360 миллиард теңге салық төледі.

Бұған қоса отандық маркетплейстер 135,2 миллиард теңге салық төлеген.

6 СЛАЙД.

Сондай-ақ, компаниялар онлайн сауда жасағаннан кейін қалай өзгеретініне талдау жасалды.

10 мың әр түрлі жағдайды талдау нәтижесінде, маркетплейске шыққаннан кейін 1,5 жылдан соң компаниялардың орташа сатылым көлемі 4,8  есе артып, салықтық төлемдер 13,5 есе көбейіп, сату географиясы кеңейді.

Онлайн-компаниялар үлкен табыс алып, сонымен қатар жұмыс орындарын құрып, олардың қызметінің ашықтығына жол ашады.

Осылайша, электрондық сауда шағын және микро кәсіпкерлік үшін акселератор болып, әсіресе өңірлерде жұмыспен қамтуды арттыру құралы ретінде септігін тигізеді.

7 СЛАЙД.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2023 жылы шетелдік платформаларда жасалған сатып алулар көлемі 1,3 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл елдегі жалпы онлайн-сатылымдардың шамамен 20%-ын құрайды. Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 90% пайызға артқан.

Біз бұл жағдайдың тұтынушылар үшін қызмет көрсету сапасын, тауарлар ассортиментін және бағаларды жақсартуға ықпал етеді деп күткен едік.

Алайда, трансшекаралық онлайн-сауданың дамуы тұтынушылардың шетелдік маркетплейстерге қатысты шағымдарының артуына алып келуде.

Мұндай мәселелер шетелдік маркетплейстер мен сатушылар Қазақстан юрисдикциясынан тыс жерде орналасқандықтан туындап отыр. Бұл өз құқықтарын толықтай қорғай алмайтын тұтынушылар үшін қауіп-қатерлерді тудырады.

Елдер арасындағы қашықтық үлкен болғандықтан, тауарларды қайтару немесе айырбастау талаптарын орындау мүмкін бола бермейді.

Сонымен қатар, шетелдік интернет-дүкендерден сатып алынған тауарлар сертификаттау рәсімінен өтпейді, бұл өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қауіп төндіреді.

Осыған орай, бұл мәселелерді заңнамамен реттеу қажет екенін атап өткен жөн.

8 СЛАЙД.

Шет елдердің заңнамалық базасына талдау жасадық.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, кешенді тәсілдер қолданылуда.

Бұл тәсілдер коммерциялық ортаның қауіпсіздігін және ашықтығын қамтамасыз ету үшін платформалар мен тауарларға қатысты кешенді талаптарды енгізуді көздейді.

Авторлық құқықты бұзу, сапасыз және қауіпті тауарды сату сияқты мәселелер бойынша салық заңнамасында «қатаң» талаптар енгізіліп жатқанын ерекше атап өткім келеді.

Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын және жеке деректерді қорғау мәселелеріне айрықша көңіл бөлінуде.

9 СЛАЙД.

Халықаралық тәжірибені және қазіргі жағдайды ескере отырып, электрондық сауданы реттеу және дамыту бойынша келесі тәсілдерді ұсынамыз:

біріншеден, тұтынушылардың құқықтарын және жеке деректерін қорғау;

екіншіден, тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасы;

үшіншіден, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық және шетелдік маркетплейстер үшін тең жағдайлар жасау.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, келесі шараларды ұсынамыз:

Бірінші. Шетелдік платформалардың жұмыс істеуі үшін міндетті шарттарды енгізу, оларды отандық платформалармен теңестіру;

Екінші. Тауарлардың қауіпсіздігі және контрафактімен күресу;

Үшінші. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

Төртінші. Еуропа Одағындағы тәжірибені ескере отырып, шетелдік интернет-платформалар мен дүкендерді тіркеу үшін электрондық платформаны енгізу;

Бесінші. Импорттаудың кедендік рәсімдерін жеңілдету және фискалдық емес алымдарды оңтайландыру;

Алтыншы. Электрондық сауда субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимдерді енгізу, салықтық реттеу оңтайландыру;

Жетінші. Қоймалық және логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

Сегізінші. В2В форматындағы электрондық сауданы дамыту және нарықтарды цифрландыру.

Жоғарыды аталған тәсілдерді электрондық сауданың одан әрі өсуін, микробизнестің дамуын және белгіленген көрсеткіштерге (бөлшек сауда көлемінің 18,5% пайызға) қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
14 января 2025
Дата обновления
14 января 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы