Меню

Страницы

Статья

ҚР Сауда және интеграция министрінің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасын және ілеспе заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына бірінші оқылымына арналған баяндамасы, 2024 жылғы «4» қыркүйек

Құрметті Ерлан Жақанұлы,

құрметті депутаттар!

 

Мемлекет Басшысы 2022-ші жылғы 1-ші қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынастарды ТҮБЕГЕЙЛІ өзгерту қажет. Мемлекет барлығына тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз ету міндетті» – деп, айтқан еді.

2021-ші жылғы 16-шы қарашадағы Президент тапсырмасын және «Аманат» партиясының
2023-27-ші жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында, Министрлік Тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау туралы заң жобасының жаңа редакциясын және оған леспе заң жобасын әзірледі.

Тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау туралы Заңға соңғы түзетулер төрт жылдан астам бұрын енгізілген. Бірақ құқұқ қолдану тәжірибесі оның қазіргі уақыт талабына сәйкес келмейтінін және Тұтұнушыларды қорғаудың тиімділігіне әсер ететін құқұқтық кемшіліктерін көрсетті.

Біріншіден, тұтұнушылардың шағымдарын қарау мен шешудің төрт кезеңдік тәртібі тұтұнушының сотпен қорғауға конституциялық құқығына кедергі келтіреді, өйткені тұтұнушылар сотқа жүгінбес бұрын жоғарыда аталған кезеңдерден өтуге мәжбүр.

Екіншіден, Тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау туралы Заңның қолдану аясы бөлшек сауда және тұрмыстық қызметтермен  ғана шектелген.

Тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау комитеті тұрғын үй-коммуналдық, көлік, медициналық, туристік, байланыс қызметтері және тағы басқа маңызды қызмет салаларында тұтұнушылар құқұқтарының бұзылуына орай іс-шаралар қолдана алмайды.

Үшіншіден, тұтұнушылардың қоғамдық бірлестік-тері әлі де жеткілікті дәрежеде тиімді жұмыс істемейді, олардың қызметі жүйелі түрде бірізденбеген.

Төртіншіден, тұтұнушылардың өтініштерін бизнеспен қабылдау және қарау процесін автоматтандыру үшін іске қосылған «Е-tutynushy» ақпараттық жүйесі кәсіпкерлердің оған ерікті түрде тіркелгенінен күтілген нәтиже көрсетпеді.

Анықтама: Бүгінде онда барлығы 872 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұл, кәсіпкерлік субъектілері және тұтұнушылар арасында онлайн кері байланысқа қол жетуге және «Е-tutynushy» ақпараттық жүйені басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға мүмкіндік бермейді.

 

Бесіншіден, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқұқ бұзушылық туралы кодексінде тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқұқ бұзушылықтар үшін тек ескерту көзделген.

Статистикаға сәйкес жосықсыз бизнестің
іс-әрекеттеріне жыл сайын тұтұнушылардың шағымы артып жатқандықтан, Тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау туралы Заңды жетілдірудің қажеттілігі туындап отыр.  

Анықтама: 2021 жылы тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау Комитетіне тұтұнушылардың 25 мың өтініші келіп түсті, 2022 жылы 30 мың, 2023 жылы олардың саны 51 мыңға дейін өсті. Басқа мемлекеттік органдарға өтініштер саны да өсті. 2021 жылы олардың саны 45 мың, 2022 жылы 47 мың, ал 2023 жылы 74 мыңнан асты.

Тұтұнушылардың электрондық сауда саласындағы бұзушылықтарға қатысты шағымдарының 2023-ші жылы 7732 дейін күрт өсіп, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 15 пайыздан асқаның айту қажет. Бұл электрондық сауда құралдарын белсенді пайдаланғанның белгісі. Сонымен қатар, 2022-ші жылмен салыстырғанда шағымдар санының өсуі 290% пайызды құрады.

Заң жобасын әзірлеу кезінде ТМД елдерінің, сондай-ақ Германия, Польша, Түркия және басқа да елдердің тәжірибесі зерттеліп нәтижесінде келесі новеллалар ұсынылып отыр.

Біріншіден, азаматтық-құқұқтық тұтұнушылық дауларды шешу тәртібі көп сатыдан екі сатыға дейін ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ.

Анықтама: Бірінші кезеңде тұтұнушы мен бизнес субъектісінің арасындағы дауды шешу сотқа дейінгі міндетті тәртіп сақталады. Екінші кезеңде, егер бизнес субъектісі сотқа дейінгі дауды шешу тәртіппен пайдалануға бас тартса, тұтұнушыға өз құқұқтарын қорғау үшін сотқа тікелей талап қою немесе дауды соттан тыс реттеу субъектілеріне (медиатор/төрелік) немесе (тексеру өткізу және жосықсыз бизнес субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін) мемлекеттік органға жүгіну баламалы тәсілдерін таңдау құқығы беріледі.

Ұқсас екі сатылы құқұқ қолдану практикасы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 27-тарауында көзделген, онда 1-кезеңде кәсіпкерлер дауды өз арада шешеді, ал 2-кезеңде сотқа немесе медиаторға барып дауды шешу баламалы нұсқасы қолданады.

Екіншіден, тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау туралы Заңның базалық қағидаттары салалық реттеу мен осы салалардағы тиісті мемлекеттік органдардың құзыретін сақтай отырып, қаржылық қызметтерден басқа, барлық қызмет көрсету салаларына қолданылатын болады.

Нәтижесінде уәкілетті орган тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін САЛААРАЛЫҚ үйлестіру жөніндегі өз функциясын толық іске асыра алады.

Үшіншіден, тұтұнушылардың белгіленген және белгіленбеген тобы туралы ұғымдар бөлінген. Еуразиялық экономикалық одақтың бірқатар елдерімен ұқсастығы бойынша Омбудсмен мен тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау жөніндегі қоғамдық БІРЛЕСТІКТЕР тұтұнушылардың белгіленбеген тобына қатысты, сотқа талап қою құқығына ие болады.

Төртіншіден,  егер сотқа дейінгі кезеңде кәсіпкерге жүгінген сәттен тұтұнушының бұзылған құқұқтары қалпына келтірілмесе, тұтұнушының пайдасына азаматтық процесте сот өндіріп алатын айыппұл түрінде  кәсіпкердің азаматтық құқұқтық жауапкершілігі енгізіледі.

Бұл құқұқтық құрал кәсіпкерлерді тұтұнушылармен азаматтық дауды сотқа дейін шешуге ынталандыруға бағытталған.

Шет елдердің осындай тәжірибесі, сотқа өтініштердің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

Бесіншіден, онлайн саудада тұтұнушылардың құқұқтарын қорғауды күшейту бойынша түзетулер ұсынылады.

Алтыншыдан, тұтұнушылар қауымдастығының біздің назарымызды аударған құқұқтық кемшіліктер жойылды. Атап айтқанда:

кәсіпкерлік субъектілердің «E-tutynushy» ақпараттық жүйесіне міндетті емес тіркелу туралы нормасы алынып тасталды;

қайтаруға жатпайтын тауарлар тізімінен медициналық бұйымдар, ұялы байланыстың абоненттік ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ алынып тасталды;

авиабилеттерді сатып алу және туристік қызмет көрсету туралы шарттар бойынша 100 пайыз қайтарылмайды деген ұғым алынып тасталды;

тұтұнушылардың қоғамдық бірлестіктеріне тауарлар мен қызметтерді бақылау сатып алу мүмкіндігі берілді;

несиеге сатып алған тауарларды қайтару шарттары белгіленді.

Тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау жүйесінің мынадай институционалдық күшеюін жеке атап өтейін.

Кәсіпкерлердің құқұқтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтына ұқсас тұтұнушылардың қоғамдық бірлестіктерін біріктіру үшін тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институты енгізіледі.

Ілеспе заң жобасында негізгі заң жобасына сәйкес келтіру мақсатында екі кодекске: Қазақстан Республикасының Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу, сондай-ақ: Көлік, Туристік қызмет, Сауда қызметін реттеу, Ақпаратқа қол жеткізу, Табиғи монополиялар туралы бес заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобалары барлық мемлекеттік органдармен, соның ішінде Бас прокуратурамен және Жоғарғы Сотпен келісілген.

Заң жобалары Мәжілістің барлық жеті комитетінде қаралып, қолдау тапты.

Заң жобаларын қабылдау нәтижесінде тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау жүйесі күшейіп қоғамның өмір сүру сапасы артатын болады.

Заң жобаларын қолдауларыңызды сұраймыз!

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
04 сентября 2024
Дата обновления
04 сентября 2024
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы