ҚР Сауда және интеграция министрі А. Шаққалиевтің шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері жөніндегі Үкімет отырысына арналған тезистері (2024 жыл 21 мамыр)
Құрметті Олжас Абайұлы!
Құрметті әріптестер!
Екі мың жиырма үшінші жылдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес экспорт бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді.
Шикізаттық емес тауарлардың экспорттық позицияларының саны екі жүз жетпіс сегізге (5732-ден 6010-ға дейін) өсті.
Екі мың он тоғызыншы жылдан бастап тұрақты белсенді экспорттаушылар саны үш жүз компанияға – төрт жүз алпыстан
жеті жүз алпысқа дейін өсті.
Экспорт географиясы жүз отыз бес елге дейін кеңейді (2022 жылы 129 ел болды), Азия елдеріне дайын өнімді жеткізу артты: Қытай – сегіз пайыз, Оңтүстік Корея – жиырма алты пайыз, Вьетнам – қырық алты пайыз.
Көрсетілетін қызметтер экспортының жиырма тоғыз пайызға өсуі кезінде, мыс, ферроқорытпалар, мырыш, күміс, мұнай өнімдері сияқты өнеркәсіптік тауарлар бойынша жеткізулердің төмендеуі байқалады. Жеткізудің төмендеуі әлемдік бағаның құбылмалылығы, сұраныстың төмендеуі және мақсатты нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі сияқты сыртқы факторларға байланысты.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешені бойынша өңделген өнімдерді жеткізудің нақты көлемі, атап айтқанда ұн – бір де бір пайызға, күнбағыс майы – елу бес те бес пайыздан астам, сусындар – қырық екі де сегіз пайызға өсті.
Азық-түлік экспорты ерекше маңызды, өйткені азық-түлік экспорттаушылардың сексен пайызы шағын және орта бизнес субъектілері.
Сонымен қатар, шағын инвестициялар тамақ өнеркәсібі капиталды көп қажет ететін өндірістерге қарағанда жылдам айналым (3 жылдан 5 жылға дейін) тиімдірек.
Екі мың жиырма тоғызыншы жылға қарай экспортты ұлғайтудың қырық бес миллиард доллар көрсеткішіне қол жеткізу үшін келесі негізгі бағыттар анықталды.
Ең алдымен, Қытайға басым назар беріліп отыр. Орта мерзімді перспективада дайын өнімнің экспортын екі де бес есеге ұлғайту және он екі де бес миллиард долларға дейін жеткізу мақсатын алдымызға қойып отырмыз (2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-ға шикізаттық емес тауарлардың экспорты 5 млрд долларды құрады).
Еуразиялық Экономикалық Одақ және Орталық Азия елдерімен тауар айналымын арттыру бойынша қарқынды жұмыс жасалуда, шекара маңындағы сауданың қажетті инфрақұрылымы құрылуда.
Таяу Шығыс елдерінде сұранысы жоғары тоңазытылған қой еті, құс еті және субөнімдер сияқты жоғары маржалық тауарларды жеткізуді ұлғайту пысықталуда.
Біз үшін қазақстандық азық-түлік және органикалық өнімдерді сатып алуға, сондай-ақ экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыру бағытында жұмыс істеуге дайын Еуропалық Одақтың нарықтары да басым бағыт болып табылады.
Біз «QazTrade» базасында сауда ағындарын қалыптастыратын кәсіби нарық қатысушыларымен бірлесіп, сауда акселераторын іске қосамыз. Бұған экспорттық өнімнің кепілдік берілген көлемін форвардтық сатып алуға аванстық төлемдерді көздейтін өнімді жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу көзделетін болады.
Сонымен қатар, нәтижеге қол жеткізу үшін Сауда министрлігінің даму институттарын тарта отырып, ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын болады.
Ағымдағы жағдайды ескере отырып, бюджеттен тыс қаржыландыруды «Бәйтерек» холдингінің құралдарымен, оның ішінде жаңадан құрылған экспорттық-кредиттік агенттікті пайдалану ұсынылады.
Осылайша, бизнесті ынталандыру және белсенді экспорттаушылар санын арттыру үшін ішкі және сыртқы шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету инфрақұрылымын қалыптастырдық.
Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі бойынша ағымдағы жылы бизнес субъектілеріне экспорттық циклдің барлық кезеңдерінде сақтандыру және қаржылық қолдау шараларының спектрін ұсынатын Экспорттық-кредиттік агенттік құрылды.
Экспорттық ағындардың сыртқы факторларға тәуелділігін төмендету үшін қаржылық шаралар тереңдетілген қайта өңдеу тауарларын қолдауға бағытталатын болады.
«QazTrade» институтының базасында жыл сайын төрт жүз елуден астам компания қолданатын сервистік шаралар шоғырланған. Соңғы үш жылда экспорттың өсуі тек өсімдік майлары – екі де екі, тыңайтқыштар – бір де жеті, қой еті – төрт те төрт пайызға артты.
Біздің есебімізге сәйкес, экспортты қолдауға жұмсалған бір теңге экспорттық түсім бойынша бес жүз теңгені құрайды. Бұл ретте сервистік тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қолдаудың орташа жылдық көлемі шамамен екі де үш миллиард теңгені (немесе 5 млн. доллар) немесе шикізаттық емес экспорт көлемінің ноль бүтін жүзден екі пайызын құрайды. Ал экономикасы ұқсас елдер бойынша орташа көрсеткіш ноль бүтін жүзден он бір пайызды (немесе 30,3 млн. доллар) құрайды.
Сыртқы контурда отандық өнімнің танымалдығын арттыру басымырақ.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы айдың басында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (Үрімші қаласы) «QazTrade» сауда өкілдігі ашылды.
Араб Әмірліктерінде ЭКСПО Дубай ұлттық павильонының аумағында «Qazaq Trade House» жұмыс істей бастады.
Сондай-ақ, қазақстандық компаниялардың Қытайдың Үрімші және Шанхай қалаларындағы екі ірі көрмесіне қатысуы жоспарланған.
Экспортты ұлғайту үшін әлемдік бағыттардың трансформациялануын ескере отырып, логистикалық шығындарды оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру арқылы отандық бизнес үшін бәсекеге қабілетті жағдайлар жасау маңызды.
Бұл үшін:
Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп экспорттық әлеуетті дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді.
Өңделген өнімге, оның маусымдылығына назар аудара отырып, экспорттық тауарларды тасымалдау әдістемесі әзірленді және ұлттық теміржол операторының қарауына берілді.
Қазақстандық өнімді тасымалдау құнын төмендету мақсатында қолдау алу процесін жеделдетуге мүмкіндік беретін экспорттық тауарға және бағдарға басымдық бере отырып, «жөнелтілді, төленді» қағидаты бойынша шығындарды өтеу құралын қолдану тәсілі қайта қаралуда.
Еліміздің экономикасы үшін экспорттық кіріс драйверлерінің бірі – қызмет көрсету секторы болып табылады. Өткен жылы қызмет көрсету экспортының көлемі он да үш миллиард долларды құрады. Нәтижесінде экспортқа бағдарланған үш жүз жиырма сервистік компанияның паспорттарын, тізілімін жасадық.
Саланың артықшылығы – қазақстандық көрсетілетін қызметтерді шекарадан өткізбей-ақ экспорттау. Ақпараттық технология, мұнай сервисі, медициналық қызметтерге басымдық беріледі.
Негізгі қолдау шаралары, бизнестің, қызметтерді маркетингтік ілгерілетуге, халықаралық сертификат алуға, сондай-ақ құқықтық және техникалық сүйемелдеуге жұмсаған шығындары өтелетін болады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, агроөнеркәсіп кешен тауарларына, шикізаттық емес экспорттың көлемін ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырамыз.
Қайта өңделетін тауарларға басымдық бере отырып, экспорттаушыларды қолдау бойынша тәсілдер қолданылыды.
Бұл шараларды іске асыру, белсенді экспорттаушылар санын жүз жиырма компанияға көбейтуге және ағымдағы жылы шикізаттық емес тауарлар экспортының алты пайызға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.