Меню

Страницы

Статья

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысындағы ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. Қайрат Торебаевтың баяндамасы

Құрметті Ерлан Жаканұлы!

Құрметті депутаттар!

Қазақстан мен Қырғызстанның өңделген өнімді (сүт, ет, жидек-көкөніс, тоқыма және пара-фармацевтика өнімдерін өндіру) өндіру бойынша кооперациялық жобаларды құру үшін айтарлықтай әлеуеті бар.

Қырғыз Республикасының Президенті С. Н. Жапаровтың Қазақстанға сапары және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары Мемлекетаралық Кеңесінің (2024 ж. 18-19 сәуір, Астана қ.) 6-шы отырысының қорытындысы бойынша екі мемлекет басшылары тауар айналымын 2030 жылға дейін $3 млрд. дейін ұлғайтуға, оның ішінде біздің елдеріміздің шекаралас аумағында индустриялық сауда-логистикалық кешен құру және оның жұмыс істеуі есебінен ұлғайтуға уағдаласты.

Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылдың 9 маусымда Астана қаласында кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Кешен «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері жанында орналасады және өндірістік алаңдардан, тауарлар мен жабдықтарды сақтауға арналған қоймалардан, сондай-ақ көлік инфрақұрылымынан тұратын болады.

Кешенде сүт, ет, жидек-көкөніс, тоқыма, фармацевтика және тағы басқа өнімдерін өндіру сияқты кооперациялық жобаларды іске асыру үшін жағдайлар жасалатын болады.

Сондай-ақ кешенді құру Қырғыз Республикасымен сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласында қол қойылған үкіметаралық Келісімнің 4-бабына сәйкес Индустриялық сауда-логистикалық кешеннің (ИСЛК) қазақстандық және қырғыз бөліктері шекаралық белдеуден тыс орналасқан.

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Жамбыл облысының әкімдігі инвесторды іріктеу бойынша конкурс жариялады, ол кейіннен кешенді басқарады және оның резиденттеріне сервистік қызметтер көрсетеді.

19 сәуір күні конкурстың екінші кезеңі жарияланды.

Алайда, өтінімдердің болмауына байланысты бұл конкурстер өткізілген жоқ. Ағымдағы жылы мамыр айында қайта конкурс жарияланатын болады.

Кешенді салудан басқа, әлеуетті инвестордың алдына инженерлік инфрақұрылымды (газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализация, телекоммуникация, қоршау, абаттандыру) жүргізу бойынша жағдайлар қойылған.

Кешенді салу бойынша одан әрі жұмысты жергілікті атқарушы орган инвестормен бірлесіп жүргізетін болады.

Келісімді ратификациялау өңір экономикасының дамуына және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда және экономикалық байланыстарды нығайтуға қолайлы әсер етеді және тауар айналымын $3 млрд дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Назар аударғаныңыз үшін рахмет!

Дата публикации
15 мая 2024
Дата обновления
15 мая 2024
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы