Меню

Страницы

Статья

ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ А. ШАКҚАЛИЕВТІҢ ЭКСПОРТТАУШЫЛАР ФОРУМЫ - САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БОЙЫНША ҚЫТАЙ (СЫЧУАНЬ) - ҚАЗАҚСТАН 2024 КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ (2024 ЖЫЛҒЫ 26 НАУРЫЗ)

Құрметті Цзо Юнсян мырза!

Құрметті Су Ю мырза!

Құрметті Хуан Джурен!

Құрметті Хуан Ли ханым!

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Бүгінгі іс-шараға қатысушыларды қарсы алуға, Сычуань провинциясы Халықтық үкіметінің партия басшылығына және Хубэй провинциясы кәсіпорындарының халықаралық ынтымақтастық қауымдастығына бүгінгі форумға белсенді қатысқаны және әр провинцияның бизнес өкілдерін шақырғаны үшін алғыс білдіремін.

Ағымдағы жылы біздің Форум Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық қатынастарын дамытудың жаңа тәсілдерін іске асыруға бағытталған.

Еліміз арасындағы жаңа алтын отыз жылдық өзара қарым-қатынас пен достыққа жол ашып, өзара іскери байланысымыздың тиімді тәсілдеріне, Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігін тереңдету үшін нақты практикалық шешімдерді әзірлеуге күш-жігерімізді бағыттаймыз.

Еліміздің басшылары өзара тауар айналымын қырық миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайту жөнінде қысқа мерзімді міндет қойған болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі тараптың бірлескен күш-жігерінің арқасында Қазақстанның сауда серіктестерінің арасында Қытай Халық Республикасы бірінші орынға шықты.

Біздің статистика деректері бойынша екі мың жиырма үшінші жылы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара сауда отыз бір де бес миллиард АҚШ долларын құрайтын рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты он екі де алты пайызға өсіп және он төрт те жеті миллиард долларды құрады. Импорт елу де бес пайызға өсіп, он алты да сегіз миллиард АҚШ долларын құрады.

Қытаймен өзара байланыс әлемдегі ең ірі инвесторлар мен жетекші экономикалардың бірі, Қазақстан үшін тұрақты прогресс пен сауда-инвестициялық әлеуетті іске асырудың ұзақ мерзімді факторы болып отыр.

Өткен жылы Қытай нарығын еркін экспорттай алатын Қазақстанның агроөнімдер тізбесін кеңейттік. Біздің болжам бойынша, Қазақстанның өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тауарларының кең ассортиментін қоса алғанда, жүз отыз бес тауар позициясы бойынша экспортты бір милиардқа арттыра алады.

Қытай Халық Республикасымен жұмыс істеудің негізгі бағыты әр провинцияны аймақтандыру қағидатының атаулы жұмысы, бірлескен жоспарларды әзірлеу және өзара  жұмыс органдарын құру.

Біз белсенді жұмысты Қытайдың ең ірі үш провинциясының құрамына кіретін Сычуань провинциясынан бастадық. Бүгінгі таңда Қазақстан мен провинция арасындағы сауда шамамен екі жүз отыз миллион долларды құрайды, оның ішінде Қазақстан қырық бес миллион долларға өнім экспорттайды.

​​Қырықтан астам қазақстандық компаниялардың қатысуымен өткен сауда миссиясы Қытай нарығына сұраныс пен қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуетінің ауқымын көрсетті.

Провинция отандық май өнімдерінің, астық өнімдерінің, сусындардың, кондитерлік өнімдердің және тағы да басқа тауарлардың үлкен көлемін сатып алуға дайын.

Біздің жұмыс сапарымыздың шеңберінде, Қазақстан мен провинция арасында сауданы ұлғайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында, Qaztrade компаниясы мен Сычуань провинциясындағы қытайлық серіктестермен бірлесіп QazTrade Сауда өкілдігінің жұмысын бастау жөніндегі Сычуань провинциясының Паназиялық инвестициялық-дамушы тобы арасында стратегиялық келісімге қол қойылды. QazTrade отандық өнімдердің консолидаторы болып қытайлық ірі компаниялардың жолсерігі болады.

Өткен жылы Шэньси провинциясында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашты, оның алаңында қазақстандық өнімдер шоурумы жұмыс істейді, Сиянь құрғақ портының аумағында Қазақстан Темір жолы компаниясының терминалының құрылысы басталды.

Сондай ақ Хубэй провинциясының компанияларымен сауда және академиялық ынтымақтастық орнатылуда.

Біз Қытаймен экономикалық және сауда байланыстарын белсенді түрде тереңдетуді және елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін түрлі іс-шараларға қатысуды жалғастырамыз.

Бүгінгі Форум, екі ел арасындағы сауда бағытындағы байланысты одан әрі нығайтатыны анық.

Барлық қатысушыларымызға нәтижелі келіссөз, сапалы кездесулер және жақсы  нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектеспін!​​             

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
26 марта 2024
Дата обновления
26 марта 2024
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы