Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 8 адам, оның 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 6 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы азаматтары. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) коммерциялық ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
2) нысанға сәйкес өтініш;
3) кандидаттың қызмет саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігінің көшірмесі ұсынылады.
Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсынысты 2019 жылдың 13 тамызына дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс, Министрліктің кеңсесінде жүргізіледі немесе d.abueva@economy.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберуді сұраймыз.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 74-92-00, 74-31-49, 8-777-770-69-25.
Нысан
Кімге __________________________________
(республикалық деңгейдегі мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті деңгейлердегі өкілетті органның атауы)
________________________________ тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен________________________________
______________________________________
(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке куәлік № ____, берілді (қашан, кім))
Өтініш
Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне қосу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) __________________________________________________________
2) __________________________________________________________
3) __________________________________________________________
4) __________________________________________________________
5) __________________________________________________________
6) __________________________________________________________
7) __________________________________________________________
2019 ж. «____» ___________ Өтініш берушінің қолы _______________
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына кандидаттың өмірбаян деректері
2019 ж. «____»____________
Қолы _______________