Меню

Страницы

Статья

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды 2019 жылға аккредиттеуді өткізеді.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 26 шілдеден 9 тамыз аралығында (жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін) +7 (7172) 74-31-49, 8-777-770-69-25. Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс, Министрліктің кеңсесінде жүргізіледі.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:

  • белгіленген үлгідегі өтiнiш (үлгі сілтеме бойынша);
  • салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi.

*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.

Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде:

  • Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөнiндегi комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) аккредиттеу материалдары қаралады және бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлiктi беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы ұсынымдар шығарылады;
  • Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөнiндегi комиссияның ұсынымы негізінде Министрлік аккредиттеу туралы куәлiктi беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

Министрлік тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аккредиттеу туралы куәлiкті немесе себептерін негiздей отырып аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны бiрлестiкке ұсынады.

Егер:

1) берiлген құжаттар Ереженің 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;

2) бiрлестiк пен ұйымдар өз мүшелерiнiң мүдделерiн қорғау бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын болса;

3) ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес мәлiметтер болған жағдайда;

4) бірлестік пен ұйым аккредиттеуге арналған құжаттар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайларда, аккредиттеуден бас тартылуы мүмкiн.

Аккредиттеу туралы куәлiк 3 жыл мерзімге берiледi.

Дата публикации
26 июля 2019
Дата обновления
26 июля 2019
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы