Сіздердің қарауларыңызға 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу жөнінде хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы енгізіліп отыр
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шаралар, тұтынушылардың құқығын қорғау, тарифтік емес реттеу, бәсекелестік, сондайақ мемлекеттік сатып алуға қатыстыбарлығы 32 түзету енгізіледі.
Анықтама:
2019 жылғы 1 қазанда ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға ("I үлкен" Хаттама) қол қойылды, ол 2021 жылғы 15 шілдеде күшіне енді.
2022 жылғы 31 Наурызда "II үлкен" Хаттамаға" қол қойылды, ол ҚР Президентінің кейіннен Заңға қол қоюы үшін ҚР ӘП-да қаралуда.
Кешенді түзетулерден басқа ЕАЭО туралы шартқа нүктелік түзетулер енгізілді (10 түзету).
Негізгі түзетулер
Бірінші. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай тізбесінде болмаған,зиянды организмдерге қатысты шұғыл фитосанитариялық шараларенгізілуде.
Біздің елімізде бұрын анықталмаған жаңазиян жәндіктерді тіркеу жағдайы орын алғанМұндайзиян жәндіктерБірыңғай тізімде жоқ.
Бүгінгі таңдабірыңғай келісілген тізімдегізиян жәндіктерге қатысты уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізіліп жатыр
Осы жағдайда,Хаттамада Одақтағы елдершұғыл фитосанитариялық шараларды енгізу құқығын көздеіп отыр
Бұл ретте тараптар мұндай шараның енгізілгені туралы қалған елдерді алдын ала хабардар етуі тиіс. Мұндай жағдайларда өзара хабарлау тәртібін Комиссия әзірлеп бекітетін болады.
Екінші. Ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тануды қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітуге Комиссияның құзыреті енгізіледі.
Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тану көзделген.
Ережелер уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға және электрондық форматта өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Үшінші. Еуразиялық үкіметаралық кеңеске тұтынушылардың құқығын қорғау үшін мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимыл бағдарламасын бекіту құқығы беріледі.
Сонымен қатар, Тұтынушылардың құқығын қорғау функциялары ұлттық құзырет болып қала беретінін атап өткен жөн
Үкіметаралық кеңес тек жалпы тәсілдер мен ұсыныстарды бекітеді.
Төртінші. Тауарларды әкелу/әкету кезінде рұқсат құжаттарын алу процесіжеңілдетіледі.
Қазір лицензия беру ережелері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа жүктелген. Оларды түзету өте қиын. Ережені Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесімен бекітілу ұсынылып отыр
Сондай-ақ, құжаттарды қайта беру кезіндекелісімшартты қосымшасыз, Сыртқы сауда шартының мәліметтерін пайдалану мүмкіндігі көзделген.
Лицензия беруден бас тарту негіздерінің тізбесі нақтылануда. Лицензия мен рұқсат нысанынан керексізмәліметтер алынып тасталынды.
Жалпы, рұқсат құжаттарын электрондық форматта беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр
Заң жобасы Республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, аталған Хаттаманы ратификациялауды қолдауларыңызды сұраймыз