Жаһандық электрондық сауда нарығы озық қарқынмен өсудеЭлектрондық сауда жан-жақты дамуға ықпал ете отырып, Әлемдік экономикалық өсудің жаңа драйверіне айналды
Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша
2026жылға қарайВ2С әлемдік электрондық нарығы – сегіз де екі триллион АҚШ долларын(8,2 трлн) құрайды. Олардың бағалауы бойынша, 2022 жылы бұл көрсеткіш бес те жеті триллион АҚШ долларын құрады.
2022 жылғы қорытынды бойынша Қазақстанда электрондық сауданыңүлесі онекі дебес пайызды(12,5%)құрады, бұл шамамен екі триллион теңге(1 963 млрд. тг)
Интернет арқылы өткізілгеннегізгі тауарлар: үй тауарлары, киім және аяқ киім, тамақ өнімдері, косметика, дәрі-дәрмектер.
2022 жылдың қорытындысы бойыншаэлектрондық саудақызметтер нарығының көлемі бір деекі триллионтеңгені құрады, оның елу де үш пайызы(50,3 %) жолаушыларды тасымалдау қызметіне тиесілі
Өткен жылдың он бір айында электрондық сауда көлемішамамен екі де екі триллион теңгені(2 183,1 мрлд.тг) немесе бөлшек көлеміненон үш пайызды(16 793,1 мрлд.тг)құрады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған электрондық сауда үлесі он үш те екі пайызды құрауытиіс
Әлихан Асханұлы, Министрліктің алдында электрондық сауданың үлесін 2030 жылға қарай жиырма пайызға дейін жеткізу міндеті тұр.
Басқа да атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталатын болсам
Бірінші кезектеҰлттық статистика бюросымен бірлесіп электрондық коммерцияның статистикасын қалыптастыру әдстемесін қайта қарадық
2025 жылға дейін электрондық сауданы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдадық
Электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатындатүзетулер әзірленіпқазіргі таңда осы заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда.
Электрондық коммерция мектебі жобасы іске асырылды, оның шеңберінде екі мыңнан астам Шағын және орта бизнес субъектілері оқыту курсынан өтті
Маркетплейстерде отандық өндіріс тауарларының ұсынылуын кеңейтуге ерекше назар аударылады.
БүгіндеСlever Market маркетплейсінің басты парақшаларында қазақстандық өнімге баннер шығарылды, алдымен қазақстандық өнімді іздеу нәтижелерін шығаруда басымдық берілді.
ҚытайдыңAlibaba(2022ж. маусым) және JD.com(2023 ж. мамырда)ірі маркетплейстерінде ұлттық павильондар ашылды.
Бүгінгі таңда Alibaba-да жеті мың бес жүз тауар, JD.com-да тауарлардың отызтүрі ұсынылған, осы платформаға
1 жарым миллионнанастам қазақстандық қызығушылық танытуда
Қазақстанда екі ірі ресейлік маркетплейстерОзон және Вайлдберриз жұмыс істейді
2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша Oзoналаңында тіркелген қазақстандық сатушылардың саны –
қырық бес мың төрт жүзВайлдберриз аланындаелу бес мың жеті жүз төрт
Oзон маркетплейсіекі фулфилментсұрыптау орталығын іске қосты (Алматы – 5000 ш.м., Астана – 38 000 ш.м., қосымша Алматыда – 43 000 ш.м. жоспарлануда)барлық қалаларда бір мың жүз сексен тоғыз (1189) тапсырыстыжеткізу пункті ашылды.
Вайлдберриз маркетплейсі жалпы ауданы жиырма тоғыз мың алты жүз шаршы метрді (29 600 м2)құрайтын алты логистикалық орталықжәне алты жүз жиырма бір тапсырысты жеткізу пункті ашылды, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында екі фулфилмент орталығын салуы жоспарлануда.
Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларының профильді министрліктерімен меморандумға қол қойылды.
Өткен жылдыңқыркүйек айында Алматыда алты елден үш жүзден астам қатысушы қатысқан Бірінші Орталық Азия электрондық коммерция форумы өтті.
Өткен жылы Орталық Азия елдерінің бірыңғай платформасы Central Asia Gateway іске қосылдыОл
Абу-Даби қаласында өткен Дүниежүзілік инвестициялық форум аясында «Үздік сауда ақпараттық порталыноминациясы бойынша Digital Government Awards жеңімпазы атанды.
Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлардың электронды саудасын жүзеге асыратын, жеке тұлғалардың электронды түрде қызмет көрсетумен айналысатын шетелдік компаниялар үшінGoogle салығы (импорт салығы) деп аталатын салық енгізілді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша алпыс шетелдік компания тіркелген, олардың төлеген салық сомасы
отыз төрт те сегіз миллиард теңгені құрады(2022 ж. – 16,4 млрд.тг, 2023ж18,4 млрд.тг).
Электрондық сауданы дамыту шарттарының бірі – қоймалық және логистикалық инфрақұрылымның болуы.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде2024 жылдың соңына дейін трансшекаралық электронды сауданы ынталандыру үшінҚытай тарапымен бірлесіп Қазақстанда өңірлік қойма инфрақұрылымын құру мәселесін пысықтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Ақтөбе және Ақтау қалаларында фулфилмент орталықтары мен бонд қоймалары желісін дамыту жалғастырылатын болады
Бонд қоймаларын ашу Қытайдан Еуропағажәне кері бағытта тауарларды одан әрі транзиттеу үшінірі шетелдік маркетплейстердің тауарларын орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл шетелдік тауарларды қазақстандық сатып алушыларға жеткізу уақытын алпыстан жеті күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Сауда бөлігінде шағын және орта бизнес субъектілеріне кешенді мемлекеттік қолдау көрсету мақсатындаАтамекен ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіпбарлық өңірлерде электрондық сауданы оқыту орталықтары ашылады. Бүгінде мұндай оқыту орталықтарыбатыс өңірінің төрт облысында іске қосылды.
Кәсіпкерлерге маркетплейстерде қалай тіркелуді, тауарды қалай сатуды және логистиканы құруды үйретедіЕгер экспорттық әлеует болса, онда мұнда контрпартнер іздеуден бастап сақтандыру және қаржылық шараларды қоса алғанда, көлік шығындарын өтеуге дейінгіҚазтрейд және ҚазақЭкспорт құралдары қосылады
Халықаралық ұйымдар шеңберінде жұмыс жалғасатын болады
Электрондық сату арқылы басқа елдермен тауар айналымын жыл сайын жүз миллион АҚШ долларынан асаұлғайтуды көздеп отырмыз
«Nomads of Central Asia» брендісінің қолөнер сияқты тауарларынбірлесіпіске асыру үшінОрталық Азияменбірге ірі әлемдік маркетплейстерде Орталық Азия павильонының ашылуы пысықталатын болады.
Министрлік пен бизнес арасында сындарлы диалог құру үшінАтамекен ұлттық палатасында тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы іске қосылды Бұл электрондық сауданы дамытуға қолайлы жағдайлар жасау жөніндежедел, ең бастысы тиімді шешім қабылдауғамүмкіндік береді.
Жалпы, жоғарыда аталған бастамалар электрондық сауданыдамытуға өз үлесін қосадыжәне жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге жол ашады