Меню

Страницы

Статья

Сауда және интеграция министрі А.А. Шаққалиевтің баяндамасы Күн тәртібінің 2-ші мәселесі бойынша: Тауар биржаларын дамыту мәселелері туралы

2-слайд

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін
(Жалпыұлттық жоспардың 64-т.) Сауда және интеграция министрлігі депутаттық корпуспен бірлесіп Биржалық сауда мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірледі

Әлихан Асханұлы, өткен аптада «АМАNАТ» партиясының алаңында заң жобасының тұсаукесерін өткіздік. Жалпы, депутаттар тәсілдерді қолдады.

Заң жобасында үш негізгі міндетті шешуге бағытталған шаралар ұсынылады.

Біріншісі – биржаларға қойылатын реттеуші талаптарды қатаңдату және мемлекеттік бақылауды күшейту.

Екіншісі – жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу рәсімдерін айналып өтуін болдырмау.

Үшіншісі – отандық өндірушілердің ашық сауда құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету.

3-слайд

Бірінші бағыт бойынша біз мыналарды ұсынамыз.

Бірінші. Биржаларды шағын және миркокәсіпкерлік субъектілері санатынан шығаруды.

Әлихан Асханұлы, бүгін нарықта 10 биржа бар. Оның
 ішінде 9 биржа – микробизнес субъектілері, 1 биржа – шағын бизнес субъектісі. Алайда, биржалық мәмілелердің жылдық айналымы триллион теңгеден асады. Атап айтқанда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша биржалық мәмілелер көлемі 2,5 трлн.теңгеден астамды құрады, осы жылдың 10 айына – 1,6 трлн. теңгені құрайды.

Екінші. Тауар биржаларының қаржылық тұрақтылығын арттыру ұсынылады. Жарғылық капиталдың мөлшері 600 мың АЕК (қазір ЖК 300 мың АЕК) құрайды, бұл шамамен 2 миллиард теңге. Кепілдік қоры – 100 мың АЕК.

Үшінші. Бүгінгі таңда бизнестің тауар биржаларына шығу проблемалары бар. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің нақты мәмілелерге қатысуына кедергілер жасалуда. Кіру және қатысу жарналары 250 мыңнан 95 млн.теңгеге дейін соманы құрайды.

Әрине, бұл көптеген кәсіпкерлер үшін ауыр шығындар. Сондықтан, біз сауда-саттыққа қатысу үшін жарналар мен төлемдердің бірыңғай максималды мөлшерін белгілеуді ұсынамыз. Бұл мәселені саралап (дифференциалды) қараймыз.

Төртінші. Сауда-саттықтың басты қатысушыларын – бұл брокерлер мен клиринг орталықтарын, қаржы мониторингі субъектілері санатына қосу ұсынылады.

Бесінші. Әлихан Асханұлы, Өзіңіз білетіндей, Министрлік биржалық тауарлардың тізімін қалыптастырады. Солардың ішінен әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарларды бөліп көрсетуді ұсынамыз. Оған көмір, бидай, мұнай өнімдері және бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары кіретін болады.

Аталған тауарлардың энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін ескере отырып, олардың саудасы арнайы Тізбеге енгізілген тауар
биржаларында ғана жүзеге асырылатын болады. Тауар биржаларының тізбесі конкурстық негізде Үкіметтің шешімімен айқындалады.

Бұл осындай тауарларға ашық баға белгілеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ ел ішінде де, сыртқы экономикалық қызметте де (экспорт/импорт) тауар ағындарын қадағалауға мүмкіндік береді.

Биржаға шығуды ынталандыру ретінде:

- ӘМАТ-тың отандық тауар өндірушілері үшін – ҚҚС төлеу кезінде есептеу әдісін қолдану;

- ұлттық экспорттаушылар үшін – ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу, мысалы, 5 күнге дейін (қазір 15 күн);

- сондай-ақ, ҚТЖ-мен бірлесіп биржалық мәміле жасалған жағдайда логистикаға арналған т/ж тарифтерін қайта қарау ұсынылады. 

4-слайд

Мемлекет басшысы қойған екінші міндет шеңберінде тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды айналып өту мүмкіндігі алынып тасталады. Бұл жыл сайын 40 млрд. теңгеден астам сома.

Мемлекеттік сатып алуларға ұқсас Биржалық сауда-саттықтың жосықсыз қатысушыларының тізілімі енгізілетін болады.

Сонымен қатар, автоматтандырылған жеделдетілген өтінім беру технологияларына тыйым салуға бағытталған түзетулер бар.

Нарықтың басым субъектілері үшін делдалдар арқылы сауда-саттыққа шығуды шектеу және олар үшін дилер мәртебесін (яғни, өздерінің атынан және өздерінің мүдделері үшін) бекіту ұсынылады.

5-слайд

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бойынша. Оларды сатып алуды NАDLOC тізілімімен синхрондалған мамандандырылған электрондық сауда алаңдарына ауыстыруды ұсынамыз.

Әлихан Асханұлы, бұл сатып алудың қолданыстағы тәсілі. Яғни, заңнамалық база бар (Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексте), бірақ жер қойнауын пайдаланушылар оны көптеген жылдар бойы пайдаланбай келеді.

Бұл ретте, электрондық алаңдарға еркін қол жеткізу үшін біз отандық өндірушілергден алымдар мен жарналарды алып тастауды ұсынамыз.

Сонымен бірге, биржада коммерциялық құпияны сақтау талаптарын қайта қарау ұсынылады. Қатысушылар мен мәмілелер бойынша барлық мәліметтер ашық қолжетімділікте жарияланатын болады (сауда-саттық қорытындылары шығарылғаннан кейін).

6-слайд

Құрметті Әлихан Асханұлы, жалпы алғанда, Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттер заң жобасында көрініс тапты.

Нәтижесінде, биржалық сауда сауданың, экономиканың және отандық өндірістің өсуінің маңызды драйвері болуы керек.

Ашық нарықтық бағаны қалыптастыру және биржалық саудаға қатысушылардың ақша ағындарын бақылауды күшейту негізгі нәтиже болады.

 

Баяндама аяқталды.

Назарларыңызға рақмет.

Дата публикации
28 ноября 2023
Дата обновления
28 ноября 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы