Қайырлы күн, құрметті Ерлан Жақанұлы!
Құрметті депутаттар!
Сіздердің қарауыңызға 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы енгізілді.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа барлығы 106 түзету енгізіледі. Түзетулер техникалық реттеуге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шараларға, макроэкономикалық саясатқа, көлікке, жанама салықтар салуға, сыртқы сауда саясатына қатысты.
Негізгі түзетулер келесідей:
Бірінші. Еуразиялық экономикалық одағында мүше басқа мемлекеттегі педагогика және заңгер қызметі бойынша қызметкерлер үшін білім туралы құжаттарды растау талаптары алынып тасталады. Бұл осы санаттағы еңбек мигранттарының еркін қозғалуына мүмкіндік береді.
Екінші. Еуразиялық экономикалық одақ органдары қабылдаған актілерінің іс жүзіндегі әсерін бағалауды жүргізу механизмі енгізілуде.
Бүгінгі таңда Одақ органдары актілерінің жобаларына реттеуші әсерді бағалау ғана жүргізілуде. Мұндай актілерді қабылдамас бұрын, алдында олардың бизнеске қандай да бір әсері бағаланады.
Жаңа құрал, Комиссияның қабылданған шешімдеріне қатысты іс жүзіндегі әсерді бағалайды. Қажет болған жағдайда, қолданыстағы шешімді қайта қарап, өзгерістер жасауға қорытынды бере алады.
Үшінші. Демпингке қарсы қайта тергеу механизмі көзделеді.
Демпингке қарсы шаралар арзан импортқа әсер етпесе,қайта тергеп-тексеру жұмыстары көзделетін болады. Сонымен қатар, демпингке қарсы баж көлемін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда.
Төртінші. Бәсекелестік қағидаларын сақтау саласында Комиссия шешімдерін орындамаған жағдайда, айыппұл енгізу көзделеді.
Бесінші. Фитосанитариялық сертификаттар мен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді электрондық түрде ресімдеу мүмкіндігіне жол беріледі. Бұрын тек қағаз жүзінде ғана мүмкін болатын.
Сонымен қатар, «өнімнің шыққан жерінен дүкен сөрелеріне» дейінгі жеміс-көкөністердің тауарлар партиясын цифрлық қадағалау механизмі енгізілуде. Оған біз ұлттық ақпараттық жүйелер арқылы кіретін боламыз.
Барлық ақпарат электронды түрде болғандықтан, біздің кәсіпкерлердің өнімдеріне Еуразиялық экономикалық одақтың Фитосанитариялық органдарының сенімі артатын болады.
***
Заң жобасы Республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, аталған Хаттаманы ратификациялауды қолдауларыңызды сұраймын.
Рақмет!