Меню

Страницы

Статья

СИМ Вице-министрі Қайрат Қалмұхаметұлы Төребаевтың баяндамасы

Қайырлы күн құрметті қатысушылар!

Экспорттық әлеуетті дамыту аясында министрлікпен атқарылып жатқан жұмыстармен қысқаша таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер.

Жалпы, Қазақстанның шикізаттық емес тауарларының тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілдеде $46,7 млрдты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,7% - ға жоғары ($38,4 млрд.).

Осы жылдың 7 айында шикізаттық емес тауарлардың экспорты $14,2 млрдтв құрады. Қызметтер экспортына тоқталсақ, ол көрсеткіш $2,1 млрд құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7% - ға жоғары ($1,8 млрд.).

Шикізаттық емес экспорттық тауарлардың ТОП ҮШТІККЕ мыс пен мыс катодтары (олардың үлесі 12,9%), ферроқорытпалар (10,2%), уран (9,4%) кіреді.

Біз сондай-ақ тауар себетін әртараптандырудың, экспорт географиясының кеңеюін байқаймыз.

Негізгі нарықтар дәстүрлі түрде Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия және Нидерланды болып қала береді. Бұл ретте, ЕО елдеріне, Қытайға және Орталық Азия елдеріне жеткізілімдердің айтарлықтай өсуі тіркелді.

Экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық жәе қаржылық емес шараларын ұсыну бойынша жұмыстар жалғасуда.

 Бүгінгі таңда 100-ден астам компания халықаралық сауда іс-шараларына қатысты: бұл 7 елдегі сауда миссиялары, Қытайдағы халықаралық көрме. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік қолдаудың нәтижесі $500 млн астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасалды.

Экспортты ілгерілету экожүйесін жақсарту бөлігінде белсенді заңнамалық жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді.

Мемлекет басшысы экспортты ілгерілету желісі бойынша Қазақстан халқына Жолдауында KazakhExport компаниясының базасында барлық қажетті құралдарды шоғырландыра отырып, Экспортты ілгерілетудің толыққанды институтын құруға назар аударды.

Сауда және интеграция министрлігі экспорттық-кредиттік агенттік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.

Заң жобасы экспорттық-кредиттік агенттіктің (бұдан әрі – ЭКА) арнайы құқықтық мәртебесін құруға бағытталған, ол сақтандыруға және қайта сақтандыруға лицензиясыз әрекет ететін ЭКА қолында шикізаттық емес экспортты қаржылық қолдау мен дамытудың негізгі шараларын біріктіруге мүмкіндік береді.

Анықтама: бүгін, KazakhExport сақтандыру ұйымы ретінде сақтандырумен және қайта сақтандырумен байланысты емес өзге де қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ («Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының 11-бабының 3-тармағы).

Біз Ресей, Венгрия, Канада, Австралия және Үндістандағы экспорттық несие агенттіктерінің халықаралық тәжірибесін талдадық, бұл ЭКА экспорттық операцияларды сақтандыруды, қайта сақтандыруды, кепілдендіруді және қаржыландыруды жүзеге асыратынын көрсетті.

ECA құру кезінде нақты функцияларды, мысалы, сақтандыру, қайта сақтандыру, кепілдік беру, шартты салымдар, субсидиялау, басқа компаниялардың функцияларымен қайталанбайтын нақты функцияларды қарастыру ұсынылады.

Нәтижесінде бұл тұтастай алғанда ел экономикасының дамуына, экспорт географиясын кеңейтуге, халықаралық ынтымақтастыққа, өнімді сату және салық төлеу есебінен республикалық бюджетті толықтыруға, ЭКА қолдаған экспорттаушылардың жаңа жұмыс орындарын құруына және т. б. елеулі үлес қосады деп күтеміз.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда шекара маңындағы сауданы дамытуға бағытталған трансшекаралық хаб құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Озыңқы даму аймақтары ретінде трансшекаралық хабтар жүйесін құру арқылы шекара маңы елдерімен бірлесіп жаңа өндірістер құру өнеркәсіптік кооперация мен көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін болады, бұл:

1) экономиканың өнеркәсіптік секторын орнықты дамыту саласындағы мақсаттарға қол жеткізу арқылы ел халқының әл-ауқатын арттыру;

2) өндірісті, сондай-ақ логистиканы дамыту үшін заманауи инфрақұрылымды құру және дамыту;

3) өңіраралық және халықаралық көлік-экономикалық байланыстарды кеңейту;

4) елімізде қолайлы индустриялық ахуал жасау және ұлттық экономиканың өзін өзі қамтамасыз етуін арттыру;

5) инвестициялық ахуалды жетілдіру және қосылған құны жоғары отандық тауарлар мен қызметтердің экспорттық әлеуетін дамыту;

6) өз өндірісін дамыту арқылы импортқа тәуелділікті азайту.

Бұл шаралар экспорт көлемін едәуір арттыруға және қазақстандық тауарларды жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жалпы, шикізаттық емес экспортты ұлғайту бойынша жұмыс нәтижесінде елдің төлем балансына оң әсер етеді.

Біздің қолдау шараларымыз туралы барлық ақпаратты біздің министрліктің ресми сайты (www.mti.gov.kz) мен qaztrade операторының сайттарында (qaztrade.gov.kz)таба аласыз!

Экспорттаушылармен жұмыс істеу ыңғайлылығы үшін біз телеграмм каналдарын аштық (export.gov, sauda_inform), онда өткізілетін іс-шаралар, сапарлар, сауда миссиялары мен көрмелер туралы барлық ақпарат қамтылған.

Келесі жылдан бастап біз жыл басында барлық халықаралық іс-шаралардың кестесін бекітеміз, оны жариялаймыз, осы арқылы бизнес өз сапарлары мен келіссөздерін алдын ала жоспарлай алады.

Осы ретте, бизнесті белсенді болуға шақырамыз, біз нарықтарды талдау бойынша толық кеңес беруге, серіктес табуға және кездесулеріңізді ұйымдастыруға дайынбыз.

Назарларыңызға рахмет! 

Дата публикации
27 сентября 2023
Дата обновления
27 сентября 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы