Меню

Страницы

Статья

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2023 жылғы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Министрі Шаққалиев Арман Абайұлы халықпен және бизнес өкілдерімен кездесулер, брифинг және азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.

Негізгі іс-шаралар: Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, облыс әкімдігінің #1 ғимараты 4-қабат, үлкен зал.

Халықпен және бизнес өкілдерімен (кәсіпкерлер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) кездесу сағат
15.00 – 16.30;

Брифинг – сағат 16.35 – 16.50;

Азаматтарды қабылдау – сағат 16.55 – 17.30.

Сіз Сауда және интеграция Министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 39 19 (СИМ).

Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 39 19 (Азиза Нұрпейісова).

Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні) аккредиттеу үшін 28 қыркүйек күні сағат 15.00-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: 8 705 762 71 69 (Іңкәр Қадыр - СИМ баспасөз қызметі).

Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.

Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграцияның Министрі А.А. Шаққалиевке сұрақ қоюға шақырамыз.

Дата публикации
26 сентября 2023
Дата обновления
26 сентября 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы