Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде 2023 жылғы 13 қыркүйекте сағат 10.00-да «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Занының жобасы бойынша Пленардық отырысына баяндама

Құрметті депутаттар!

Сіздің қарауыңызға 2022 жылғы 20 қазанда Ереван қаласында жасалған Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы Келісімді ратификациялауға бағытталған заң жобасы ұсынылды.

Осы Келісімді жасасу мүше мемлекеттердің экспортты қолдаудың бірлескен шараларын, оның ішінде сақтандыру жолымен қолдануды көздейтін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 41-тармағын іске асыру болып табылады.

Келісім құрылатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының мақсаттарын, мәртебесін және міндеттерін айқындайды. Компанияның функцияларын және Жарғылық капиталға қатысу үлестерін төлеу тәртібін бекітетін компанияның Жарғысы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

Келісімді қабылдау ЕЭК-ке мүше мемлекеттердің қаржы ұйымдарына өзара халықаралық сауда және инвестициялық қызметті қолдауға, сондай-ақ бірлескен бизнес-жобалардың үшінші елдердің нарықтарына шығуына белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы экспорттық-импорттық операцияларды қолдайтын ұйымдардың тәуекелдерін оларды қайта сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз ету жолымен төмендетеді.

Өз кезегінде, Қазақстан экономикасы ЕАЭО елдерімен сауда айналымын едәуір ұлғайту, сондай-ақ олардың бірлесіп өндірілген өнімдерін үшінші елдерге өткізу үшін серпін алады.

Келісімде бастапқыда қолданыстағы заңнаманың барлық талаптары ескерілген, осыған байланысты оны ратификациялау Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер енгізуге әкеп соқпайды.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
13 сентября 2023
Дата обновления
13 сентября 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы