Меню

Страницы

Статья

ЭКА туралы заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісінде сөз сөйлеу 13.09.23 ж.

Құрметті депутаттар!

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында экспортты ігерілету жолындағы KazakhExport базасында оған барлық қажетті құралдар шоғырланған толыққанды экспортты игерілету институтын құруға баса назар аударды.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» мен бірлесе отырып, «Экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлар  экспортын  жылжыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен бірге әзірледі.

Заң жобасы сақтандыруға және қайта сақтандыруға арналған лицензиясыз әрекет ететін, ЭКА аясында шикізаттық емес экспортты қаржылық қолдау және дамытудың негізгі шараларын біріктіруге мүмкіндік беретін экспорттық-кредиттік агенттіктің арнайы құқықтық мәртебесін құруға бағытталған.

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жобасының тұжырымдамасын мақұлдады (18.11.2022 ж.).

Ресей, Венгрия, Австралия және Үндістандағы Экспорттық-кредиттік агенттік қызметінің халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізілді, ол ЭКА экспорттық операцияларды сақтандыруды, қайта сақтандыруды, кепілдендіруді және қаржыландыруды жүзеге асыратынын көрсетті.

ЭКА құру барысында аналогты үлгіде нақты функцияларды, мысалы, сақтандыру, қайта сақтандыру, кепілдік беру, уағдаласылған салымдар, субсидиялау, яғни өзге компаниялардың функцияларымен қайталанбайтын функцияларды қарастыру ұсынылады.

ЭКА жұмысынан келесі нәтижелер күтілуде

Біріншіден, 2025 жылға орай 41 млрд. АҚШ долларына дейін шикізаттық емес тауарлар экспорты көлемінің өсуі туралы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық  жобасы индикаторына қол жеткізу

Екіншіден, экспорттаушыларды қолдау бойынша маңызды функцияларды иеленетін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дамыған елдерінің тәжірибесі бойынша  Қазақстанда алғаш рет заманауи экспорттық-кредиттік агенттік құру.

Үшіншіден, операциялық қызметке араласпастан, Үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға ЭКА есеп беру және бақылауында болу механизмдерін құру.

Нәтижесінде күтіледі, яғни  жалпы ел экономикасын дамытуға, экспорттау географиясын кеңейтуге, халықаралық ынтымақтастыққа, өнімді сату есебінен республикалық бюджетті толтыруға және салықтарды төлеуге, ЭКА қолдау тапқан экспорттаушылармен жаңа жұмыс орындарын құруға және т.б. елеулі түрде үлестер қосады.

11 заңнамалық актілерге түзетулер енгізу ұсынылады, оның ішінде Заң жобасы шеңберінде 10 заңнамалық актіге және Ұлттық экономика министрлігімен әзірленетін Салық кодексіне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы арнайы заң жобасы арқылы осы кодекске түзету енгізу ұсынылады.

Атап айтқанда, заң жобасымен «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңында ЭКА құқықтық мәртебеін көздеу  ұсынылады, яғни шикізаттық емес экспортты дамыту және жылжыту саласында ұлттық институт мәртебесін иеленетін, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын заңды тұлға ұғымы түсіндіріледі (ұлттық институт мәртебесі қолдау шараларын көрсетуге уәкілеттік береді).

Назарыңыз үшін алғыс айтамын!

Дата публикации
13 сентября 2023
Дата обновления
13 сентября 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы