Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сіздерді 2023 жылғы 29 тамызда сағат 16.00 – де (ZOOM арқылы) «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының (бұдан әрі - Заң жобасы) реттеушілік әсерін талдау бойынша қоғамдық талқылауды өткізу туралы хабардар етеді.
Сондай-ақ, Сіздерді Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында Заң жобасын 2023 жылғы 31 тамыз сағат 9.00-ден 2023 жылғы 04 қыркүйек сағат 18.30-ға дейін орналастыру туралы хабардар етеміз.
Мүдделі тұлғалар қоғамдық талқылауға қатысу үшін кандидатураларды 2023 жылғы 25 тамызға дейінгі мерзімде u.mirkhakimov@mti.gov.kz (аты-жөні, лауазымы, байланыстары) электрондық поштаға жібере алады.