Меню

Страницы

Статья

Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндамасы ҚР Парламентінің Сенаты 2020 жылғы 11 маусым

Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ө
згерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндамасы

ҚР Парламентінің Сенаты 2020 жылғы 11 маусым

 

 

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің назарларыңызға Тұңғыш Президент – Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы және Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауларын іске асыру үшін әзірленген тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын ұсынамын.

Заң жобасы 7 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 кодекс пен 4 заңға 200-ге жуық түзетулерді (оның ішінде 70-і - үкіметтік редакцияда, 130-ы - Мәжіліс депутаттарының түзетулері) енгізуді көздейді.

Олардың негізгі бағыттары:

біріншіден, халыққа тұтынушылар құқығын қорғаудың тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру;

екіншіден, уәкілетті органның, оның ішінде тиісті салаларда тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі рөлін күшейту;

үшіншіден, үкіметтік емес ұйымдарды институционалдық күшейтуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың көп деңгейлі жүйесіне белсенді тартуға, сондай-ақ оларды қолдау болып табылады.

Заң жобасын әзірлеу барысында тұжырымдамалық негізге Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЭСР)  елдері тиімді пайдаланатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау институтының аралас моделі алынды.

Оның мазмұны бойынша мемлекеттік реттеу «ақылды» басқарумен шектеледі, ал бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді сотқа дейінгі реттеу органдары атқарады.

 

Анықтама үшін: Ұлыбритания, Ирландия, Литва, Германия, Жапония, Финляндия, Австрия, АҚШ, Қытай және т.б. «Ақылды» реттеу тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін үйлестіруді, сотқа дейінгі реттеу институттарының құқықтық мәртебесін (құқықтары, міндеттері, іс жүргізу шарттары), олардың жауапкершілігі мен есеп берушілігін қамтамасыз ететін арнайы орган құруды қамтиды. Сот жүйесіне маңызды, күрделі жағдайлар түседі.

 

Құрметті депутаттар!

Заң жобасындағы негізгі ережелерге қысқаша тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер. Оларды үш блокқа бөлуге болады.

 

Біріншіден - азаматтар үшін тұтас және тиімді жүйені қалыптастыру.

Заң жобасымен шағымдарды қараудың үш деңгейлі механизмі енгізіледі.

I деңгейде - сатушының шағымды өз еркімен немесе дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері арқылы қарау көзделеді.

Аталған механизмді заңнамалық бекітудің негізгі мақсаты - бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, моральдық және материалдық залалды «қазір және осында» принципі бойынша қысқа уақытта аз шығынмен өтеу болып табылады.

Бұл ретте, тұтынушының қалауымен дау сотқа дейін реттеу шеңберінде шешілетін болады.

II деңгейде – шағымдар уәкілетті органға жіберіледі.

Сатушылар бұзушылықтарды өз еркімен жоюдан бас тартқан жағдайда әкімшілік  жауапкершілікке тартылатын болады.

III деңгей – сотқа шағым беру.

Сотқа дейінгі реттеу институтының енгізілгенін ескере отырып, соттар тұтынушы мен сатушы арасында өзара тиімді келісімі жоқ дауларды қарайды.

Құрметті депутаттар, үш деңгейлі механизмді рет-ретімен қолдану сот органдарына түсетін жүктемені төмендетуге алып келеді деп пайымдаймыз.

 

Екіншіден – уәкілетті органның рөлін күшейту.

Бірінші кезекте, тиімді тәсілдердің бірі ретінде «бір терезе» қағидаты бойынша шағымдарды қабылдаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесі ұсынылады.

Мұндай жүйені құру тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша барлық шараларды бір жерде шоғырландыруға, шағымды дайындау және оны құзырлы органдарға жолдау рәсімдерін жеңілдетуге, сондай-ақ, барлық өтініштер мен оларды қарау нәтижелерін цифрландыруға мүмкіндік береді.

Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін жүйеде даудың мәніне және қызмет көрсету саласына байланысты шағымдардың бірқатар үлгілік формалары, сондай-ақ дауларды қарайтын субъектілердің және мемлекеттік органдардың тізбесі мен байланыс ақпараттары орналасатын болады.

Екінші кезекте, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылатын болады, ол осы бағыттағы көтерілетін мәселелердің мәні мен маңыздылығын күшейтеді, проблемалық нормативтік құқықтық актілерді тез арада өзгертуге мүмкіндік береді, мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің тиімділігіне тиісті бақылауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, уәкілетті органға мемлекеттік бақылау функциясы беріледі, бұл тексеріс жоспардан тыс бақылау субъектісіне бармай профилактикалық түрде жүзеге асырылады.

 

Үшіншіден - үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуы және оларды қолдау.

Бұзылған құқықтарды толыққанды қалпына келтіру мақсатында тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне екі жақты келісім болған жағдайда моральдық зиянды өтеуді жүзеге асыру құқығы беріледі.

Шағын және орта бизнесті тексеруге енгізілген мораторийді ескере отырып, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне қоғамдық бақылау жүргізу бойынша құзыретін беру көзделеді.

 

Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтарына өз құқықтарын қорғауға тегін өкілдік қызметтер көрсету және оларға кеңес беру үшін қоғамдық ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс берілетін болады.

 

Құрметті депутаттар!

Мәжілісі депутаттарымен  заң жобасының редакциясын жақсартатын бірқатар түзетулер енгізілді.

Олар:

- қоғамдық бірлестіктерге дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері ретінде қызмет етуге мүмкіндік беру;

- Ведомствоаралық кеңесті Үкімет деңгейіне шығару бойынша түзетулер.

Енгізілген түзетулердің бір тобы Сауда қызметін реттеу туралы заңға, атап айтқанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының бақылаусыз өсуіне жол бермеуге бағытталған.

 

Қорытындылай келе, жоғарыда аталған ережелерді заңнамалық бекіту тұтынушылардың өмірінде елеулі өзгерістерге әкелетінін атап өткім келеді.

Қолдауларыңызды сұраймын!

Назарларыңызға рахмет!

 

Дата публикации
11 июня 2020
Дата обновления
11 июня 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы