Меню

Страницы

Статья

Қазақстан-ауған бизнес-форумын өткізуге арналған баспасөз конференциясы

Қазақстан-ауған бизнес-форумын өткізуге арналған баспасөз конференциясы

2023 жылғы 31 шілдеде Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында БАҚ үшін брифинг өтеді, онда ҚР СІМ және ҚР СИМ өкілдері Астанада өтетін қазақстан-ауған бизнес-форумы туралы әңгімелейді.

Спикерлер:

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш;

ҚР сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев.

Күні мен уақыты: 31.07.2023 ж., 15.00 сағ.

Өтетін орны: ҚР Сыртқы істер министрлігі, Д.Қонаев көшесі, 31 (Түркістан көшесінің бүйірлік кіреберісі).

БАҚ-ты аккредиттеу үшін ағымдағы жылғы 28 шілде сағат 17.00-ге дейін WhatsApp-қа деректерді (БАҚ атауы, ТАӘ, ЖСН, техникалық жабдықтардың толық тізімі) жіберуді сұраймыз: +7 776 714 1995 (Айнұр Әлмұханова-СИМ).

Анықтама:

Ағымдағы жылдың 3-5 тамызында қазақстан-ауған бизнес-форумы өтеді.  Ауған тарапынан экономиканың түрлі салаларынан, оның ішінде Ауғанстанның Екінші деңгейдегі банктерінен 150-ден астам кәсіпкер қатысады деп күтілуде.

Сапар барысында сауда және интеграция министрлігі, Қазақэкспорт компаниясы, Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның логистикалық компаниялары басшыларының қатысуымен келіссөздер өтеді.

Бизнес-форум аясында ауған тауарларының көрмесі өтеді. Ауғанстаннан 70-ке жуық компания қатысады деп күтілуде.

Көрмеде 2023 жылдың 4-5 тамызы аралығында кілемдер, зергерлік бұйымдар, құрылыс тауарлары, тұрмыстық және өнеркәсіптік химия, көкөністер мен жемістер, азық-түлік және т.б. болады.

Дата публикации
28 июля 2023
Дата обновления
28 июля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы