2023 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице - министрі Шәкқалиев Арман Абайұлы халықпен, қоғам және бизнес өкілдерімен кездесулер, брифинг және азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Негізгі іс-шаралар: Жезқазған қаласы Алаш алаңы 1, Ұлытау облысы әкімдігінің ғимаратында, 10 қабат мекенжайы бойынша өтеді.
Халықпен және бизнес өкілдерімен (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) кездесу сағат 15.00 – 16.00;
Брифинг – сағат 16.00 – 16.15;
Азаматтарды қабылдау - сағат 16.15 – 16.40.
Сіз Сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (СИМ).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 39 19 (Азиза Нұрпейісова).
Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні) аккредиттеу үшін 10 шілде сағат 16.00-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 705 762 71 69 (Іңкәр Қадыр – СИМ баспасөз қызметі).
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграцияның бірінші
вице-министрі А. А. Шакқалиевке сұрақ қоюға шақырамыз.