Меню

Страницы

Статья

ЕЭК қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеуге қатысу үшін кезекті құжаттарды қабылдау басталды

Біліктілік іріктеуден өту үшін кандидаттардың құжаттары мен өтініштерін қабылдау 2023 жылғы 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды («Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің
2022 жылғы 4 шілдедегі № 280 – НҚ бұйрығына сәйкес комиссия»).

Біліктілік іріктеу Еуразиялық экономикалық комиссия өткізетін бос лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеуге қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға 18 жасқа толған ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің азаматтары құқылы.

Біліктілік іріктеуге қатысу үшін кандидаттар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшелері (бөлімшелері) көрсетіле отырып, ол бос лауазымдарға орналасуға үміткер болатын тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) қамтитын еркін нысандағы өтініш, пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі;

2) паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;

3) біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (кандидаттың жұмыс (қызмет) орны бойынша нотариалды немесе кадр қызметтерімен куәландырылады):

- білім туралы, қосымша кәсіптік білім туралы, ғылыми дәреже, ғылыми атақ беру туралы құжаттар (болған жағдайда);

- еңбек кітапшасы немесе еңбек қызметін растайтын құжаттар;

4) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

5) Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында жарияланған формат пен талаптарға сәйкес кандидаттың 2 (екі) фотосуреті қоса берілген сауалнамасы ( 1-қосымша).

Қатысушылар құжаттар топтамасын электрондық мекенжайға жіберуі қажет ar.omarova@mti.gov.kz «Іріктеуге қатысу» белгісімен.

Бос лауазымдар туралы ақпарат Ұйымның ресми сайтында
«Бос орындар» бөлімінде орналастырылған, https://eec.eaunion.org/comission/vacancies/

Үміткерлерді бағалау нысаны-әңгімелесу.

Оң нәтиже берген жағдайда кандидатқа уәкілетті органның ұсынымы беріледі, оны кейіннен осы кандидат ЕЭК-ке ұсынады.

Уәкілетті органның ұсынымын алу ЕЭК-те бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін міндетті рәсім болып табылмайды, бірақ конкурстан өту кезінде ұсынымы бар кандидаттарға артықшылық берілетін болады.

ЕЭК қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет - ресурсында.

Дата публикации
01 июля 2023
Дата обновления
01 июля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы