Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне заңнаманы бұзу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау туралы хабарлайды.
Қоғамдық талқылаулар реттеуші құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану Қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) негізінде жүргізіледі.
Талқылаулар «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында «АРВ» бөлімінде өткізілетін болады.
Өткізілетін күні мен уақыты: Астана уақыты бойынша 2023 жылғы 10 шілде сағат 9:00-ден - 12 шілде 18:30-ға дейін.
Сонымен қатар, а.ж. 12 шілдесінде қосымша бейнеконференция өткізілетінін атап өтеміз. Астана уақыты бойынша сағат 15.00-де.
Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымын және ұялы телефон нөмірін a.bektenbai@mti.gov.kz электрондық поштаға жіберуді сұраймыз. Zoom сілтемесі қызығушылық білдірген тұлғалардың телефон нөмірлеріне жолданатын болаы.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: + (7172) 75-07-51, 75-37-73, 74-37-35.