2023 жылы 1 шілдеде Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин халықпен, қоғам және бизнес өкілдерімен кездесу, оның ішінде азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді.
Негізгі іс-шаралар Ақтөбе облысы ауылдық клубының ғимаратында Саржансай ауылы,
Мәртөк ауданы, Ақтөбе көшесі, 3г мекенжайы бойынша өтеді.
Қоғаммен және бизнес-қауымдастықпен (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) кездесу сағат 11.00 – 12.00;
Брифинг – сағат 12.00 – 12.15;
Азаматтарды қабылдау - сағат 12.15 – 13.35.
Сіз Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (СИМ).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 39 19 (Азиза Нұрпейісова).
Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні) аккредиттеу үшін 30 маусым сағат 16.00-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 705 762 71 69 (Іңкәр Қадыр – СИМ баспасөз қызметі).
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Премьер-Министрдің орынбасарына сұрақ қоюға шақырамыз.