Меню

Страницы

Статья

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі С. М. Жұманғариннің ҚР Үкіметінің отырысына арналған тезистері

Құрметті Әлихан Асханұлы,

Үкімет мүшелері!

Мемлекет басшысы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру аспектілерінің маңыздылығын үнемі атап көрсетеді.

Былтырғы қыркүйектегі Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз «азамат – бизнес – мемлекет» үштігі арасындағы қатынасты түбегейлі қайта құру өзгертеміз» деп атап өтілді.

Қазіргі уақытта, осы үштіктегі тұтынушының жағдайы көп нәрсені қалайды, оған осы салада жүргізген мониторинг қорытындылары көз жеткізіп отыр.

Тұтынушылардың құқықтарын бұзушылықтар туралы өтініштердің саны жыл сайын 20%-ға өседі.

2022 жылы Министрлікте 30,2 мыңнан астам өтініш қаралды.

Осыған ұқсас жағдай өзге мемлекеттік органдарда да байқалуда. 2022 жылы 50 мыңға жуық өтініш келіп түсті.

Өтініштердің үлес салмағы бойынша мына салалар «көшбасшы» болып табылады:

- бөлшек сауда – 48%;

- тұрмыстық қызметтер – 19%;

- электрондық сауда – 9%;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 5,6%.

Өтініштердің саны мына салаларда ең көп өскен:

- қоғамдық тамақтану – 188%;

- көлік қызметі – 143%;

- медициналық қызмет – 113%;

- байланыс қызметі – 102%.

Бұл ретте, тұтынушылардың шағымдарының саны істердің нақты жай-күйін көрсетпейтінін түсіну қажет, өйткені құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған азаматтардың бәрі дерлік мемлекеттік органдарға жүгінбейді, бұл жүргізілген социологиялық зерттеулермен расталады.

Елімізде азаматтардың көбі мына салалар бойынша наразылық білдіреді:

- медициналық қызмет – 39,3% (медицина персоналының дөрекі мінез-құлықтары мен біліксіздігі, үлкен кезектер, көрсетілген медициналық қызметтердің  сапасыздығы);

  • байланыс қызметі (интернет-провайдер) – 33,3% (абоненттік төлемнің заңсыз қымбаттауы, интернет қызметінің сапасыз көрсетілуі, тарифтік жоспардың құнының ұлғаюы мен өзгеруі);

- қоғамдық көлік қызмет – 30,7% (көлікпен тасымалдау ережелерін бұзу, персоналдың дөрекілігі, қолма-қол ақшалай және ақшасыз есептесу);

- қоғамдық тамақтану – 24,4% (персоналының дөрекі мінез-құлықтары мен қызметтердің  сапасыздығы, сапасыз тамақ, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы).

Өңірлерде тұтынушылардың құқықтары бұзылатын ең өзекті салалар да анықталды.

Осыған байланысты мемлекеттік органдар өздері реттейтін салалардағы азаматтардың наразылығының түпкі себептерін анықтауға талдау жүргізуі қажет.

Тұтынушылардың өтініштерінің ұсынылған динамикасы тұтынушылардың құқықтарын бұзудың өсуі туралы ғана емес, сонымен қатар тұтынушылық көңіл-күйді нақты көрсететін тұтыну мәдениетінің артуы туралы, оның ішінде нарық субъектілерінің сапасыз тауарлар мен қызметтерді толтыруының шынайы жағдайы туралы көрсетеді.

Өткен жылы уәкілетті орган келіп түскен өтініштердің жалпы санынан:

44,8% бойынша консультациялық-құқықтық көмек көрсетті;

43,7% бойынша оң шешімдер қабылданды;

тұтынушыларға 786 млн. теңге қайтарылды.

Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар өткен жылы бірқатар ұлттық стандарттарды әзірледі.

Анықтама. Медициналық қызметтер – 12 ҚР СТ, 7 МЕМСТ; көлік тасымалы – 7 ҚР СТ; туристік қызметтер – 8 ҚР СТ; байланыс қызметтері – 8 ҚР СТ; қоғамдық тамақтану – 7 МЕМСТ, 2 ҚР СТ; тұрмыстық қызметтер – 6 ҚР СТ, 3 МЕМСТ және басқалар.

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жан-жақты және тиімді жүйесіне бағытталған заңнамаға түзетулер енгізу міндетін қойды.

Осыған байланысты Министрлік азаматтар мен бизнес мүдделері арасындағы теңгерімді табу міндетімен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін трансформациялауды бастады.

Әзірленген Заң жобаларында келесі негізгі жаңалықтар қамтылған:

Біріншіден, осы саладағы Омбудсмен институтының енгізілуімен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық институционалдық күшейту жүзеге асырылатын болады.

Анықтама. Оның функцияларына мыналар кіреді: тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау, нарық тараптарының мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау. Заң жобасында осы саладағы Омбудсменді уәкілетті органның басшысымен тағайындау көзделген.

Екіншіден, тұтынушылардың шағымдарын қараудың бюрократиялық төрт сатылы алгоритмді екі сатылы алгоритмге жеңілдету.

Анықтама. Заң жобасы осы рәсімді жеңілдетуді ұсынады (дебюрократиялау). Тұтынушы кәсіпкерге жүгінуге міндетті, егер оның талаптары ескерілмесе, ол өз таңдауы бойынша: медиатор, мемлекеттік орган немесе сот арасында өз қорғанысын жүзеге асыру тәсілін таңдайды.

Үшіншіден, кәсіпкерлік субъектілерін тұтынушының заңды талаптарын ерікті түрде қанағаттандыруға ынталандыру мақсатында соттың шешімі бойынша тұтынушының пайдасына айыппұл түрінде азаматтық құқықтық жауапкершілікті енгізу.

Анықтама. Осыған ұқсас нормалар Еуразиялық экономикалық одақ (Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы) бойынша әріптестеріміздің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдарда бар.

Төртіншіден, коммуналдық, көліктік, медициналық, туристік қызметтер, байланыс қызметтері және кәсіпкерлік субъектілері көрсететін өзге де қызметтер салаларына тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың базалық қағидаттарын тарату.

Бесіншіден, онлайн-сауда сегментіндегі заңнамалық олқылықтардың орнын толтыру және басқа новеллалар.

Айтылған түзетулердің нәтижесінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуге азаматтардың қанағаттану деңгейі 2025 жылға қарай 80%-ға дейін жеткізілетін болады.

Қорытындылай келе, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заңнамалық базасын жетілдіру қоғамның өмір сүру сапасы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатын көздейтінін атап өтеміз.

Құрметті Әлихан Асханұлы, әріптестер, назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
19 июня 2023
Дата обновления
19 июня 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы