Слайд 1
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы нарықты отандық өніммен қанықтыру, өндіріс факторларын арзандату жөнінде тапсырма берді және өндірістен сатылымға дейінгі барлық тізбекті талдау және қымбаттауға әкелетін себептерді анықтау қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы өндіріс көлемін ұлғайтудан және инфляцияны тежеу жөнінде шаралар қабылдаудан басқа, тұрақтандыру қорлары мен азық-түлік Корпорациясын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Жалпы, Үкімет инфляцияны тежеу, құндылықтар тізбегін талдау және өнімсіз делдалдарды жою бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі таңда инфляция жылдық мәнде 18,1% деңгейінде қалыптасты, мұнда азық-түлік 20,5%, азық-түлік емес 18,1%, ақылы қызметтер 14,4%.
3 айдың қорытындысы бойынша инфляция жыл басынан бері 3,2% құрады, оның ішінде азық-түлік 4,1%, азық-түлік емес 2,5%, ақылы қызметтер 2,8%.
Слайд 2
Үкімет негізгі азық-түлік бағасының өсу қарқынын тоқтата алды. Соңғы 6 аптада ол 0,1% - дан аспады және жыл басынан бері 3,4% - құрады, соңғы 5 жылда осы кезенде ӘМАТ бағалары орташа есеппен 6,4% -. құрайды.
Сәуір айының қорытындысы бойынша күтілетін инфляция деңгейі шамамен 1,8% (жыл басынан бастап 5,1%) құрайды, оның ішінде күтілетін азық - түлік инфляциясы-2,6% (жыл басынан бері 6,1%).
Слайд 3
Бұл үкіметтің бағаны ұстап тұру мәселесіне бағытталған іс-қимылының нәтижесі.
Бірінші, маусымаралық кезеңде көкөністердің қалыптасқан қорларын сату.
Ағымдағы маусымаралық кезеңге 139,5 мың тонна өнім сақталған, бүгінге 58,4 мың тонна, оның ішінде картоп 27,5 мың тонна, сәбіз 11,0 мың тонна, пияз 10,0 мың тонна, қырыққабат 9,9 мың тонна сатылған.
Қазір 2024 жылғы маусымаралық кезеңдерге бағаның маусымдық өсуін тежеу үшін ағымдағы жылдың күзгі егінін келісімшарт жасау бойынша жұмыс жалғасуда. Осы мақсатта 90,0 мың тоннаға жуық көкөніс өнімдеріне келісім шарттар жасалды.
Екіншіден, өңірлерде өнімсіз делдалдар бойынша жұмыс жанғырылытуда. 1389 тізбек бойынша ЭШФ талдауы жүргізілді, 389-дан заңнаманы бұзу тәуекелдері анықталды.
Үшінші, сауда желілерімен және өндірушілермен тығыз жұмыс жүргізілуде.
Төртінші, айналым схемасын қаржыландыруын өндірушілерге қайта бағытталды.
Сонымен қатар, біздің алдымызда 2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда инфляцияны 2- есе қысқарту міндеті тұр.
Слайд 4
Осы міндетті іске асыру үшін әзірленген шаралар кешені шеңберінде біздің жоспарларымыз келесідей:
Біріншіден, тауар балансын қалыптастыру арқылы нарықтың қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізуді жалғастыру.
Бүгінгі таңда бұл құрал ішкі нарықты қорғау бойынша уақтылы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Осылайша, аталған құралдың деректері негізінде 28 қаңтардан бастап пияз экспортына тыйым салынды, ол 8 сәуірде қайта қаралып, әкетуге квота белгіленді.
Екіншіден, қант зауыттарын қаржыландыру мысалында да, форвардтық шарттар жасасу арқылы да жергілікті өндірушілерге бағаны тұрақтандырудың барлық тетіктері бойынша қаржыландыруды ұсыну арқылы жергілікті тауар өндірушілерді қолдауды күшейтеміз.
Бүгінгі таңда бөлінген ақшаға қант зауыттары өндірістік қуаттардың жүктелуін қамтамасыз ету және елдің ішкі нарығын отандық өндірістің қантымен қамтамасыз ету үшін шикі қантты сатып алуды жүзеге асырады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 23,3 млрд. теңгені құрайды. Болашақта бұл қант өніміне импорттық тәуелділікті төмендетуге және көрші елдер тарапынан экспортқа тыйым салудың енгізілуіне байланысты қалыптасқан 2022 жылдың көктеміндегідей жағдайға жол бермеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, өндірушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау және дайын өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өндірушілері үшін салық жүктемесін және есептілікті азайту мәселесін қарастырудамыз.
Шаралар кешені шеңберінде біз оларды ішкі нарықта ілгерілету және тұрмыстық химия мен жоғары инфляция байқалатын басқа да тауарларды жеткізу бойынша жаңа маршруттарды пысықтау мақсатында отандық жаңа тауар өндірушілерді акселерациялау бағдарламасын құруды ұсындық.
Үшіншіден, фискалдық деректер мен электрондық шот-фактуралар операторларының деректерін талдау арқылы тиімсіз делдалдарды анықтауды және жоюды белсенді жалғастырамыз.