Меню

Страницы

Статья

Азық-түлікті қымбаттатуға негіз жоқ – ірі сауда желілері

12 сәуірден бастап бензин мен дизель қымбаттайды

Ірі сауда желілерінің өкілдері жанар-жағармай бағасының өсуіне қарамастан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) қымбаттауына негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Бірінші вице-министр Арман Шакқалиев ірі сауда желілерінің өкілдерімен кездесті. Отырыста бензин мен дизельдің қымбаттауы ӘМАТ бағасына әсерін тигізе ме деген және ұлттық тауарлар каталогын (ҰТК) енгізуге қатысты мәселе талқыланды.

«Сауда желілерінің өкілдері бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өзгертуге алғышарттар жоқ екенін айтты. Өйткені баға белгілеудің негізгі шарттары айтарлықтай өзгермеген. ӘМАТ бағасы әрі қарай экономикалық жағдайға негізделеді», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар жиында ұлттық тауарлар каталогын енгізу талқыланды.

«ҰТК – өнімнің әр түріне арналған штрих-кодтардың бірыңғай номенклатурасы. Бұл сауда желілерінің өнімдері туралы деректердің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар үшін есептілікті жөнелту және жинақтау процесін оңтайландыру, сатушылар үшін жаңа тауарларды енгізу, іздеу процесін автоматтандыру үшін қажет әрі есептілікті қалыптастыруға және ресурстардың ұтымсыз жұмсалуын болдырмауға мүмкіндік береді», - деп жазылған хабарламада.

Қазір ҰТК-да әртүрлі санаттағы 6,5 млн-нан аса бірегей тауар туралы мәліметтер бар.

Бүгінде сауда желілерінен ӘМАТ және өлшеніп сатылатын тауарлардың номенклатурасы туралы ақпарат алынып жатыр.

Биыл мамырда ҰТК пилот режимінде іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 12 сәуірден бастап Қазақстанда жанар-жағармай қымбаттайды.

https://halyq-uni.kz/news/18314-azyk-tulikti-kymbattatuga-negiz-zhok-k-sipkerler/ 

Дата публикации
06 апреля 2023
Дата обновления
06 апреля 2023
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы