Аса қымбатты Ма Синьжуй мырза!
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекара маңы ынтымақтастығының ІІ Достық диалогына қош келдіңіздер!
Шығыс даналығы: «Жақын көршілер алыс туыстарыңнан да жақсы» дейді. Осы тұрғыда біз өзара тиімділік пен жоғары деңгейдегі сенімді қарым-қатынастардың үлгісін жасай алдық.
Ұзақ пандемиядан кейінгі Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзинпин мырзаның Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары айрықша болып табылады. Бұл жерде жоғары деңгейде құрылған әрбір диалог жаңа жобаларды, сапалы нәтижелер мен ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын қамтитынын атап өткен жөн.
Қазіргі әлемнің ерекшелігі өзара сенімнің зәру тапшылығы болуда. Бұл жағдайда ашық және тең құқықты қатынастар мен қолдауға негізделген берік байланыстарды нығайту міндеті маңызды болып табылады.
Бүгінгі Диалог елдеріміз арасындағы екіжақты қатынастардың ерекше сипатын дәлелдеп беріп отыр. Мемлекет басшылары ынтымақтастығымыздың бұдан әрі жан-жақты дамытуға ерекше назар аударады.
Бұл серіктестік ағымдағы жылы 10 жыл толатын «Бір белдеу, бір жол» сияқты бастамаларға негізделген.
Осы 10 жыл ішінде елдер арасындағы ынтымақтастық сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Біздің екіжақты ынтымақтастығымыздың барлық бағыттары бойынша оң серпін байқалуда.
Мұның дәлелі, бүгінгі таңда Қазақстанда тау-кен металлургия кешені, өңдеу өнеркәсібі және т. б. стратегиялық салаларда 3300 бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеуде.
Пандемиядан кейінгі кезеңге қарамастан, біздің статистикамыздың деректері бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда рекордтық көрсеткіштерге жетіп, өткен жылы $24 млрд-тан асқан. Оның ішінде қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты үштен бірін құрап, $13,2 млрд-қа жеткен.
Сол сияқты Қазақстанда қытай тауарларына деген сұраныс артып келеді. Импорт 33,5%-ға өсіп, $11,0 млрд құрады.
Екі елді байланыстыратын негізгі өңір Қытай Шыңжаң болып табылады, оның үлесіне Қазақстан мен Қытайдың барлық тауар айналымының 40%-дан астамы тиесілі.
Пандемияға қарсы барлық шектеулердің алынып тасталуы біздің мемлекеттеріміздің басшылары белгілеген өзара тиімді ынтымақтастығымызды тереңдетуге қосымша серпін беретініне сенімдімін.
***
Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту әлеуетінде шек жоқ.
Біз үшін Қытай нарығы бұл біздің өнімдеріміздің сенімді және сапалы тұтынушысы. Біз $1 млрд астам сомаға
165 қосымша тауар позициясы бойынша өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларының кең ассортиментін ұсынуға дайынбыз.
Біз Қытай Халық Республикасына экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін: салқындатылған ет өнімдерін (оның ішінде ұсақ және ірі қара мал), балық өнімдерін, құс еті мен қосалқы өнімдерді, шошқа етін, жұмыртқаны, жылқы және жоғары маржиналды тауарлардың басқа да көптеген түрлерін жеткізуде үлкен әлеуетті көріп отырмыз.
Алайда, есептелген әлеуетті іске асыру үшін Қытай тарапынан жануарлар ауруларына байланысты шектеулерді жою өте маңызды.
Ма Санжуй Мырза! Жақында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағының вакцинациямен аусылдан босатылған бес деген мәртебесін растауды ұсынды.
Сонымен қатар, қазақстандық өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге инспекция жүргізу үшін Қытайдың Мемлекеттік кеден басқармасының мамандарының келуін жандандыру маңызды, бұл бірқатар өнімдерге (рапс және картоп, қызылша целлюлозасы, темекі шикізаты, сұлы және жарма) және (жабайы балық, ІҚМ терісі) қойылатын талаптар туралы хаттамаларға қол қою және келісу рәсімін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Біз, сондай-ақ, жақын арада бұршақ пен жасымықтың экспорттық партияларына, сондай-ақ күнбағыс, соя, мақсары және зығыр тұқымдарының күнжарасына фитосанитарлық талаптар бойынша хаттамаларға қол қоюды күтеміз.
Осы аталған мәселе бойынша Сіздің қолдауыңызға үміт артып отырмыз!
Сонымен қатар, жыл сайынғы бидай жеткізу көлемін 1 млн.тоннаға дейін және одан да жоғары деңгейге жеткізуге дайынбыз. Бұл үшін инфрақұрылымдық мүмкіндіктер де бар. Пилоттық бағыт бойынша бір теміржол астық құрамы Қытай Халық Республикасының бондылық аймағына бағытталуына тапсырма бердім.
Өзара сауда мәселелерін жедел шешу үшін елдеріміз арасында ауыл шаруашылығы жөніндегі Кіші комитет құру қажет деп санаймыз.
***
Қытай Халық Республикасы стандарттары мен халықаралық ережелер бойынша барлық өнім түрлерін аккредиттеу инфрақұрылымын құру есебінен өнімдерге сенім және қадағалау жүйесі құрылды.
Ма Синьжуй мырзаға, Қытай Халық Республикасы жоғары басшылығына Шығыс Қазақстан облысының аумағында аккредиттелген көпсалалы сынақ зертханасын құру және оның үздіксіз жұмыс істеуі үшін зертханалық жабдықты ұсыну бастамасы үшін алғыс айтамыз.
Зертхананы іске қосу, ең алдымен, біздің бизнеске тәуекелдерді азайтуға және өнімді экспорттау кезінде уақытты және қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Қытай тарапынан алынған зертханалық жабдықтардың тізбесіне және келешекте оларды бажсыз әкелу мақсатында Комиссиямен келісетіні үшін алғысымызды білдіреміз.
***
Біздің өнімдердің экспорты үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында барлық құжаттама, сертификаттау және «Бірыңғай терезе» форматында рұқсат құжаттарын алу мәселелерімен айналысатын бірыңғай орган құру мүмкіндігін қарастыратын боламыз.
Осыған байланысты, Қытайдың осы саладағы мол және кең тәжірибесін ескере отырып, бастапқы кезеңде қазақстандық және қытайлық стандарттарды үйлестіру саласында тәжірибе алмасуды қамтамасыз етудегі тұста осы жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
***
Біз сыртқы нарықтарда отандық өнімдердің танымалдылығын арттыру мәселелері бойынша бизнеске үнемі қолдау көрсетіп отырамыз.
Мәселен, Шанхай халықаралық импорттық көрмесі құрылған сәттен бастап соңғы бес жыл бойы Қазақстан осы көрмеге қатысып келеді. Осы уақытқа дейін 133 компания қатысып, олардың бірлескен сатылымы шамамен
$260 млн. құрады. Ағымдағы жылы көрмеге жоғары деңгейде қатысуды және көрмеге қойылатын өнімдер желісін өнеркәсіптік тауарлармен кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, осы жылы Үрімші қаласында 7-ші Қытай-Еуразиялық тауарлар мен сауда көрмесі аясында 20 қазақстандық өнім өндірушілері мен қызмет түрлерін ұсынғалы отырмыз.
***
Электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытуға дайынбыз. Жыл сайын халықаралық Alibaba.com сауда алаңы 70 қазақстандық өндірушінің өнімдерін ұсынады.
Өткен жылы осы платформада Ұлттық Павильон аштық, бұл 18-ші ел павильоны, онда кез келген адам Қазақстан ұсынған 7500-ден астам тауар галереясымен таныса алады.
***
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі жанындағы сауда ынтымақтастығын күшейту және стратегиялық қызығушылық таныту нарығына өнім экспортын ұлғайту мақсатында Қазақстанның Қытайдағы Сауда кеңесшісі тағайындалады.
Тағайындалатын өкіл елдер арасындағы жаңа іскерлік байланыс құрып, ағымдағы іскерлік байланыстарды нығайту бойынша кең құзыретке ие болады.
Біздің пайымдауымызша, ол Қытайдан Қазақстан нарығына бірыңғай кіретін мәселені қарастыратын болады.
***
Екіжақты сауда қатынастарының берік негізі шекара бойындағы өткізу пункттерінің, логистикалық орталықтардың және көлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыру арқылы да қамтамасыз етілуі тиіс.
Пандемия Қорғас» ХШЫО және Қорғас – Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймақ шекара маңындағы екі жобаның дамуына әсер етті. Сауда инфрақұрылымын және шекаралық бақылау жүйесін жедел жаңғырту шараларын қабылдап жатырмыз.
***
Біз белсенді өзара іс-әрекетті, оның ішінде транзит саласында да жалғастырамыз. Бұл ретте Транскаспий халықаралық мультимодальды бағыты ерекше рөл атқарды! Мәселен, 2022 жылы Қазақстанның темір жолы бойынша транзитпен жүк тасымалдау көлемі 1,1 млн. тоннаға ұлғайып, 9,4 млн. тоннаны құрады.
Қытай Халық Республикасынан автокөлікпен транзиттік тасымалдау да 2 есеге ұлғайып, 980,6 мың тоннаны құрады.
Біз ең қолайлы инфрақұрылымдық жағдайларды жасауға күш салуды жалғастырып жатырмыз.
Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай логистикалық терминалымен бірге жүктердің кедергісіз транзиті үшін қажетті база қалыптасқан.
Бұдан басқа, «ҚТЖ» ұлттық компаниясымен Үрімші мен Алматыда сауда хабын салу туралы келісімдерді қолдаймыз.
Өткізу пунктерін арттыру үшін Қазақстан шекара маңындағы теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды белсенді жүргізуде.
«Бақты (ҚР) – Тачен (ҚХР)» автомобиль өткізу пункті ауданында Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелінің ашылуы жоспарланып отырғанын атап өткім келеді.
Біздің елдеріміздің шекаралас өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту осы бастамаларға оң ықпал ететініне сенімдіміз!
***
Жоғарыда айтылған барлық бастамалардан басқа, біз елдер арасында индустриялық-инновациялық ынтымақтастық бағдарламасын іске асырып жатырмыз, оның шеңберінде $21,1 млрд. 52 инвестициялық жоба пысықталуда, олардың ішінде Шыңжаң компанияларына мұнай химиясы және қож қалдықтарын қайта өңдеу салаларындағы жобалар бекітілген.
Құрметті Ма Синьжуй мырза!
Құрметті форумға қатысушылар!
Жаңа сын-қатерлер бізден өзара іс-әрекеттің жылдам әрі тиімді тәсілдерін, ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту үшін нақты практикалық шешімдерді әзірлеу жөніндегі күш-жігерді шоғырландыруды талап етеді.
Біздің ел басшыларының 2025 жылға қарай өзара тауар айналымын $35 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі алға қойған міндеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық жағдайлар жасалды: Қытай бизнесмендері үшін визалық рәсімдер жеңілдетілді, тұрақты әуе қатынасы орындалып жатыр.
Қазақстан Республикасының шекара маңы ынтымақтастығының ІІ Достық диалогы - Қазақстан мен Қытайдың екіжақты экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
Форум қатысушыларына шын жүректен табыс тілеймін!
Назарларыңызға рақмет!