Қазақстан Қытайға 135 позиция бойынша отандық өнімнің экспортын 1 млрд долларға арттыруға дайын. Бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ және басқа да салалардың тауарлары, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі..
Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара маңы ынтымақтастығының екінші Достық диалогында белгілі болды. Диалогқа Қазақстанның төрт шекаралас өңірі мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өкілдері қатысады.
СУАР Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттайды. Кездесуде 550 млн АҚШ долларынан астам сомаға 16 құжатқа қол қойылды. Айта кетейік, өткен жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 24 млрд доллардан асты. Ал 2025 жылға қарай оны 35 млрд.
Қайрат Төребаев, ҚР сауда және интеграция вице-министрі:
- Қазақстан, өздеріңіз білетіндей, экологиялық таза, сапалы өнім шығарады. Қытай да бұл өнімді импорттауға мүдделі, бірақ, өкінішке орай, ковидтік жағдайға байланысты біздің кәсіпорындарды Қытай зертханалары Бас кеден басқармасы тексерген жоқ. Олар өндірісті сертификаттағаннан кейін Қытайға тауарды экспорттауға рұқсат беретін сертификат береді. Біз бұл сертификаттауды жақын арада күтеміз.