Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысына С.Жұманғариннің баяндамасы

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Сіздің қарауыңызға 2021 жылы 22 қарашада Мәскеуде жасалған Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялауға бағытталған заң жобасы ұсынылады.

Осы Келісімді жасасу Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 55-бабында тікелей көзделген.

Келісім мүше мемлекеттердің үшінші елдермен өзара саудасындағы Одақтың техникалық регламенттері қолданылатын өнімге қатысты техникалық кедергілерді жою тәртібін айқындайды.

Анықтама үшін:

Бүгінгі күнге Одақтың 52 техникалық регламенті қабылданды, оның 46-і күшіне енді.

Келісімді қабылдау Одақта және үшінші елдің аумағында белгіленген міндетті талаптардың салыстырмалылығын айқындау негізінде сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға жағдай жасайды.

Келісімде сондай-ақ мүше мемлекеттерде және үшінші елде қолданылатын сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу рәсімдерінің баламалылығы қамтамасыз етілуге тиіс екендігі көзделген.

Ұсынылған тәсіл өнімді ілгерілетуге бағытталған.

Бүгінгі күнге Қазақстан мен үшінші елдер арасындағы шикізаттық емес тауарлардың тауар айналымы 2022 жылға 48,6 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 33,5%-ға жоғары (36,4 млрд. АҚШ доллары).

Қазақстаннан үшінші елдерге шикізаттық емес тауарлардың экспорты 2022 жылы 24,8%-ға өсіп, 18,9 млрд. АҚШ долларын құрады.

Өңделген тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының негізгі экспорттық елдері Қытай, Өзбекстан, Түркия және Нидерланды болып табылады.

Алдын ала болжамдар бойынша үшінші елдерге экспорттың үлесі, оның ішінде Келісімнің қабылдауына және оны одан әрі іске асыруға байланысты 10%-ға артуы мүмкін.

Келісімде бастапқыда қолданыстағы заңнаманың барлық талаптары ескерілген, осыған байланысты, оны ратификациялау Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізуге алып келмейді.

 

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Дата публикации
16 февраля 2023
Дата обновления
16 февраля 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы