1-слайд
Ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша инфляция 1,1%, оның ішінде азық-түлік 1,4%, азық-түлік емес 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% құрады.
Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана және Шымкент қалаларында 2,2%-дан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8%-дан, Ақтөбе облысында – 1,7%, Ұлытау облысында - 1,5% құрады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан бері 1,7% болды. Апталық динамика +0,3, +0,4% болып қалыптасуда.
Жыл басынан бері ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау облысында – 3,4%, Ұлытау облысында – 2,8% және Астана қаласында - 2,5% байқалды.
Тауарлар бөлінісінде жыл басынан бері ең жоғары өсім пиязға 22,5%, күріш 5,2%, қырыққабат 4,1%, сүт және сәбіз 3,1%, картоп 3,0%, рожки 2,6%-ды құрды.
Мысалы, Маңғыстау облысы:
- өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын реттеу жөніндегі шараларды талдау барысында бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға көзделген 3,6 млрд. теңгенің 2 млрд. теңгесі іске қосылмағаны анықталды;
- «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы көкөністерді жеткізуге жасаған 5 қолданыстағы Шарттың тек біреуі ғана өндірушімен жасалған, қалған 4 шарт көтерме саудагерлермен жасалған;
- өңірлік комиссиялардың отырыстарында өңірде жұмыс істеп тұрған 60-қа жуық көтерме саудагердің аясында барлығы 4 көтерме саудагермен жұмыс жүргізілді;
- өнімсіз делдалдарды анықтау және жою бойынша жұмыс нәтиже көрсеткен жоқ!!
Жалпы, осы өңірдегі жаңа тәсілдер аясындағы жұмысты қанағаттанарлықсыз деп санаймыз.
Ұлытау облысы да бағаның өсуі бойынша көшбасшы болып табылады.
Бір жағынан, аймақ логистика тұрғысынан тұйық болып табылады, сонымен бірге әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен жергілікті бизнестің жұмысы әлі жолға қойылмаған. Қаңтар айында регкомиссиялардың 10 отырысы өткізілді, алайда жұмыс нәтижелері шамалы.
Астана қаласында «айналым схемасы» тетігі бойынша қаржыландырудың бөлінген сомасы 14 млрд.теңгені құрайды, бірақ өңір 2022 жылдың қорытындысы бойынша да, ағымдағы жылдың басынан бері де бағаның өсуі бойынша көшбасшылар үштігінде қалып отыр.
Жыл басынан бері комиссиялар өнімсіз делдалдарды анықтаған жоқ.
Қала әкімі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен өңірлік комиссияның жұмысын қалпына келтіретініне сенімдімін.
2-слайд
Мемлекет басшысы бағаны тұрақтандыру құралдарын қайта форматтау міндеттеді.
Үкімет деңгейінде барлық қажетті әдіснамалық және құқықтық жұмыстар атқарылғанын тағы да атап өткім келеді.
Біріншіден, өндірушілерге тікелей қарыз беру бойынша тәсіл қайта форматталды.
Қазіргі уақытта қант зауыттары үшін шикізат қаржыландырылды.
3-слайд
Екіншіден, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тетігі өзгертілді, сатып алу егін жинау кезеңінде, яғни бағалар арзан кезінде, жүзеге асырылады, ал тұрақтандыру қорларынан өнімдерді сату маусымаралық кезеңде жүзеге асырылады.
Үшіншіден, форвардтық сатып алу тетігі өндірушілерден өнімді сату сәтіне дейін, сақтаумен келісімшарт жасауға мүмкіндік береді.
бұл Ағымдағы жылдын 2023 жылғы астықтығын 2024 жылғы сәуір айына дейін қолдануға мүмкіндік береді.
Сатып алудың форвардтық әдісі 8 өңірде іске асырылуда (Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Қызылорда, Абай, Ұлытау, Ақтөбе облыстарында).
Сонымен қатар, ішкі нарықты ерте импорттық көкөніс өнімдерімен қанықтыру үшін Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Иран бизнес қауымдастығымен және Қазақстан өңірлерімен В2В кездесулер ұйымдастырылды.
Сауда желілері 9 200 тонна көлемінде көкөніс жеткізуді пысықтады.
Өзбекстаннан өнім жеткізу бойынша жасыл дәліз ұйымдастырылды
Республиканың барлық ірі сауда желілері бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысқа қатысатынын атап өткім келеді.
Жергілікті атқарушы органдар бағаның маусымдық ауытқуын болдырмау үшін импорттық көкөністердің өңірлік сауда желілерімен уақтылы келісімшарт жасауды қамтамасыз етуі қажет.
4-слайд
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2022 жылдың егіні есебінен нақты қорлар қалыптастырылды. Бүгінгі күні пияз бойынша 110%, картоп 105%, сәбіз 87%, қырыққабат 70% құрайды. Бұл туралы егжей-тегжей Ауыл шаруашылығының Министрі баяндайды.
Мен кассалық аппараттары бар сауда объектілері арқылы пиязды аумақтық қорлардан сатуға тапсырма бердім.
Тауар интервенцияларының тиімділігін бағалауды Электронды Шот Фактура және фискалдық деректер операторларының деректері бойынша бағаның төмендеу динамикасын, сондай-ақ сатылған өнімнің көлемі мен бағасын талдау арқылы жүзеге асырамыз.
Сонымен қатар, ішкі нарықты қорғау үшін азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндірудің алғышарттарын жою мақсатында ағымдағы жылдың 28 қаңтарынан бастап 90 күн мерзімге пияз экспортына уақытша тыйым салынды.
Күнбағыс майының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2023 жылғы 4 ақпаннан бастап күнбағыс тұқымының экспортына өнім құнының 20% мөлшерінде, бірақ тоннасына кемінде 100 еуро мөлшерінде тұрақты экспорттық баж енгізіледі.
5-слайд
Үкіметтің тапсырмасына сәйкес баға белгілеу тізбегінің делдалдық схемаларын тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы қайта форматталды.
6-слайд
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Электронды Шот Фактураны міндетті жазып беру бойынша пилоттық жобаның қолданысы өнімсіз делдалдарды анықтау және оларды жеткізу тізбегінен шығару үшін арнайы 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды.
Электронды Шот Фактура Ақпараттық Жүйесінің деректері баға белгілеу тізбегін бақылауға және сауда үстемесінің асып кету фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Өңірлік комиссиялардың қызметі менің жеке бақылауымда.
Жалпы, біздің міндетіміз - бизнес субъектілерінің арасында сауда заңнамасын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
7-слайд
Цифрлық кеңсе шеңберінде біз бағаны тұрақтандыру жөніндегі қызметтің негізгі көрсеткіштерін бағалау бойынша өңірлердің рейтингін жүргіземіз. Оның жұмысы келесідей:
Бірінші, өнімсіз делдалдарды анықтау және жою арқылы өңірлік комиссиялардың жұмысының тиімділігіне;
Екінші, ішкі нарықты қанықтыру құралдарымен тауар массасын дер кезінде қалыптастыруға (айналым схемасы, тұрақтандыру қоры, форвард келісім шарт);
Үшінші, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізуін Электронды Шот Фактура мен кассалық аппараттардың деректерін талдау арқылы қатаң әкімшілендіруге байланысты.
Баяндама аяқталды.
Назарларыңызға рақмет.