Меню

Страницы

Статья

Сауда және интеграция министрі Б. Т. Сұлтановтың 2019 жылғы 18 қазандағы ҚР Үкіметінің отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

 

(2-слайд)

Қазан айының басынан12 қарашадағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасы 1,1% (жылдың басынан 9,7%)өсті.Бұл ретте егін жинау маусымына қарамастан, бірнеше тауарлардың бағаларыныңон шақты проценткеөсуі байқалады.

Мәселен, қарақұмық жармасы – 46,3%, ал жыл басынан 62,9%(ең жоғарғы өсім жыл басынан: Алматы 121,3% – 343 тг., Қарағанды 94,3% – 239 тг., Нұр-сұлтан 79,7% - 275тг.);

күріш – 0,7%, ал жыл басынан бері 32,3% (ең жоғары өсім: Ақтөбе 62,4% – 307 тг., Атырау 54,9% – 319 тг., Орал 40,8% – 300 тг.);

ұн – 10,2%, ал жыл басынан 27,8%(ең жоғары өсім: Қостанай 49,5 – 148 тг., Көкшетау 46,5% – 148 тг., Ақтөбе 43,8 – 128 тг.);

Анықтама: картоп – 13,5%, пияз – 13,0%, нан – 12,9%, тауық еті – 12,9%, сары май – 10,6%, жұмыртқа – 6,7%, сәбіз – 5,7%, сүт – 3,9%, айран – 3,2%, қырыққабат – 1,9%, күнбағыс майы – 0,9%, тұз – 1,1%.

Қазан мен қараша аралығында бағаның төмендеуі мынадай тауарлар бойынша байқалады: күнбағыс майы 0,4%, картоп 3,4%, сәбіз 4,5%, пияз 5,8%, қырыққабат 7,7%және қант 7,9%.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның максималдық өсуі Атырау (13,5%), Павлодар (12,0%) облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында (11,8%), Жамбыл және Ақтөбе облыстарында (11,4%) байқалуда.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, Мемлекет басшысың тапсырмасы бойынша аталған өңірлерде әкімдердің орынбаслары деңгейінде жауапкершілікке тартуды ұсынамын.

 

(3-слайд)

Бұл ретте барлық өңірлерде негізінен көкөністерге, етке, нан мен қарақұмыққа шекті мәндердің 15%асқанын атап өтемін.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті мәндерінің ең көп саны Қызылорда, Шымкент және Түркістан қалаларында 6 тауар бойынша тіркелген, бұл көкөністер (қырыққабат, пияз, сәбіз), ұн, нан және сиыр еті.Алматы қ., Ақтөбе қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында – 5 тауар бойынша.

Маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларын тұрақтандыру және мүмкін болатын алыпсатарлық секірулерді болдырмауүшін жедел шаралар қабылдау мақсатында, 2018 жылғы мамыр айында әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларындыңбағасын реттеу бойынша функциялар берілді.

Алайда, бүгінде іс жүзінде әкімдіктер бұл функцияпайдаланбай отыр.

Анықтама: 2018 жылғы 1 тамызда әкімдіктердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларын тиімді реттеу бойынша шешім қабылдау рәсімін реттейтін тиісті ережелері бекітілді.

 

(4-слайд)

БАҒАНЫҢ ӨСУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ ҮШІН ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Біріншіден, азық-түлік нарығында әртүрлі сауда үстеме бағалары бар көптеген дистрибьюторлардың және басқа да тиімсіз делдалдардың санының көп болуы, жеткізу шарттарының орындалмауы, сақтау арналарының жоқтығы болып табылады.

Нәтижесінде бұл кейбір тауарлардың бағаларының өсуіне алып соқтырады.

Екінші себеп, экспорт көлемінің өсуі.Оның арқасында импортталаған тауарларға бағаның өсімі байқалады.

Мәселен, ағымдағы жылы қарақұмықеліміздегі егіс алқаптарының 30%қысқаруы. Сонымен қатар, Ресей Федерациясында 5 жыл ішінде өнімнің аз болуына байланысты бағаның өсуі байқалады.

Күріш бағасының өсуі Өзбекстан мен Түркіменстан тарапынан қазақстандық күрішке сұраныстың өсуіне байланысты байқалады.Осылайша аталған елдерге экспорт 22 есеге өсті. Ресейде күріштің бағасы 14%-ы, яғни біздің валютамен есептегенде368,5 теңгеден/кг 420,2 теңге дейін өсті.

Анықтама:Өзбекстанда фермерлікті дамыту жөніндегі бағдарламасы енгізілгеннен кейін, оның шеңберінде халыққа басқа мемлекеттерден мал сатып алуға жеңілдетілген несиелер беріледі, Өзбекстан фермерлері тарапынан сұраныс нарықтағыдан 5-10%жоғары баға ұсынатын сұраныс айтарлықтай өсті, бұл ет өнімдеріне бағаның жоғарылау себептерінің бірі болып табылады. Сонымен, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстан 90 мыңға жуық ірі қара малды импорттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 есе артық (9,2 дана).

Дегенмен, өңіраралық тауарларды жеткізу бойыншаталдау жүргізу кезінде,біз әкімдіктердіңөз өңірлерінде қандай тауарлар өндіретіндгін және қайдан әкелетіндгін жиі білмейтіндігін байқадық.

 

(5-слайд)

Талдау көрсеткендей, көптеген тауарлар бойынша көршілес елдердің бағаларымен корреляция 90%астам құрайды. Еуразиялық Экономикалық Одағы аясында сауда шекараларының ашық болуына байланысты Ресейде бағаның өсуі аясында біздің бағамыз да, экспорт көлемі де өсуде.

Сонымен қатар, барлық азық-түлік тауарлары бойынша Ресейдегі бағалар айтарлықтай жоғары болуына байланысты ішкі қазақстандық бағаны жоғары көтереді.

 

(6-слайд)

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу және олардың өсу себептерін кезең-кезеңмен жою мақсатында Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Бағаны тежеудің әртүрлі тетіктерін (әлемдік тәжірибеде пайдаланылатын барлық нарықтық тетіктер) әзірледі.

Бүгінгі күні бағаны тұрақтандырудың негізгі тетігі тұрақтандыру қорының қызметі болып табылады (Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақтандыру қорлары қызметінің үлгілік қағидаларын бекітеді, жергілікті атқарушы органдарөңірлік ережелерді бекітеді және тұрақтандыру қорларын іске асыру мен басқаруды жүзеге асырады).

Азық-түлік тауарларының көлемі барлығы 45 мың тонна, бұл өңірлерде халықтың қажеттілігінің 3%құрайды. Бұл ретте, сатып алу көлемінің төмендігіне қарамастан, 17 өңірдің
12 тұрақтандыру қорына бөлінген 2,7 млрд.теңгеніЕкінші дәрежелі банктердің депозиттерінде ұстайды. Іс жүзінде бұл ақша өңірлердегі Әлеуметтік Кәсіпкерлік Копрорацияларын ұстауға арналған.

Анықтама: Бірінші сортты ұн – 19,8 мың тонна, картоп – 8,5 мың тонна, қант – 8,0 мың тонна, сәбіз – 2,0 мың тонна, пияз – 2,4 мың тонна, күнбағыс майы – 1,0 мың тонна, қарақұмық жармасы – 1,0 мың тонна, күріш – 0,2 мың тонна.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға белгілеуге толыққанды әсер ету үшін тұрақтандыру қорларын сатып алуды халықтың қажеттігінен 15-20% дейін ұлғайту қажет.

Бұдан басқа, бағаны ұстап тұру бойыншабюджеттен қомақты қаражатты сұрамайтын баламалы тетіктер де бар.

Біріншіден, «айналым схемасы» - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген баға бойынша сатудың қарсы міндеттемелері бар сауда желілеріне жеңілдетілген қаржы беру іске асырылуда.

Ағымдағы жылы«айналым схемасы» төрт пилоттық аймақта іске асырылуда.

Атап айтқанда, Алматы қаласында «Magnum»Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігімен1,5 млрд. теңгеге шарт жасалды, бірақ әлі күнге дейін өңірлік ережелер бекітілмеген, бұл әкімдіктің бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысына қауіп төндіреді.

Нұрсұлтан, Қызылорда және Қостанай қалаларында бюджет қаражат көзделгеніне (Әлеуметтік Кәсіпкерлік Копрорациялары қаражатына)қарамастан, әлі күнге дейін сауда желілерімен шарттар жасалмаған және әкімдіктермен бағаны төмендету бойынша нақты жұмыстар жүргізілмеген.

Сондай-ақ, 7 өңір осы уақытқа дейін өңірлік ережелерді бекітпегенін атап өтеміз, осыған байланысты олар «айналым схемасын», тұрақтандыру қорлары жұмысының жеңілдетілген тетігін де пайдалана алмайды.

Екіншіден, қазіргі заманғы форматтағы қоймалардың тапшылығын ескере отырып, Әлеуметтік Кәсіпкерлік Копрорацияларыәлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынфорвардтық сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

Баға өсімінің негізгі себебі қайта сатып алушылар болып табылатындығын ескере отырып, біз үшін сауда мен тауарларды сақтаудың қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру маңызды.

Осыған байланысты, көтерме-тарату орталықтарының құрылысы басталды, олар өнімдерді сақтау, орау, өткізу және тасымалдау бойынша өндірушілерге қызмет көрсететін болады.

Мысалы, бүгінде Қарағанды қаласындакөтерме-тарату орталығының құрылысы аяқталуда.Жамбыл, Павлодар, Солтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында ұқсас объектілер қазіргі күні құрылуда, бірақ оларды Қарағанды облысының стандартарына әлі де жеткізу қажет.

Анықтама:көтерме-тарату орталығы жобалық қуаты баркөрнекі инфрақұрылымдық нысандардың бірі болып табылады: климаттық қоймалар - 5 мың шары метр, жалпы температуралық қоймалар -10 мың шары метр, кросс – доктар -6,6 мың шары метр, сауда алаңы - 42 мың шары метр.

Ағымдағы жылғы 16 қарашадабіз сондай-ақ заң жүзінде көтерме-тарату орталықтарының түсінігн және Сауда және интеграция министрлігінің оларға қойылатын талаптарды бекіту бойынша құзыретін айқындадық.

Қазір біз Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азия Даму Банкімен бірлесіп көтерме-тарату орталығына қойылатын жаңа талаптарды белсенді түрде пысықтап жатырмыз.

Сондай-ақ, Азия Даму Банкі Үкіметке көрсетілетін техникалық көмек шеңберінде көтерме-тарату орталықтарын салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қарапайым заттар экономикасы шеңберінде көтерме-тарату орталықтарын салу үшін несие алу және субсидия алу мүмкіндігі жасалды.

Аталған Техникалық-экономикалық негіздеме барлық өңірлер үшін көтерме-тарату орталықтарының үлгілік жобасы болады.

Көтерме-тарату орталықтарының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін біз көтерме-тарату орталықтарының құрылысын инвестициялық басым жобаларға жатқызуды ұсынамыз.

Алдын ала есептеулер бойынша өңірлік көтерме-тарату орталықтарының құрылысына талап етілетін инвестициялар көлемі (өңірдегі өндіріс көлемі мен түрлеріне және халық санына байланысты)
5,8 млрд. теңге(16 көтерме-тарату орталықтары үшін-121,9 млрд. теңге).

Франция мен Испания сияқты кейбір еуропалық елдердің тәжірибесі туралы қосымшахабарлағымыз келеді:

- көтерме тарату орталықтары 50%астам мемлекеттің қатысуымен құрылған;

- осындай орталықтары үшін бақылау периметрлері жасалды, онда көтерме сауда арнайы рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

 

(7-слайд)

ОНЛАЙН ПЛАТФОРМА БОЙЫНША

Ағымдағы жылдың қараша айының соңында Қарағанды қаласында пилоттық режимде «BTS Digital»Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігімен әзірлеген Price Scanner мобильді қосымшасы іске қосылады.

Price Scanner функционалы тауардың құнын және қаланың барлық дүкендерінде олардың сапасы туралы пікірлерді көруге, сондай-ақ тауарды салыстыруға және ең төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Бұдан әрі Price Scanner мобильді қосымшасы басқа өңірлерде іске қосылады.

 

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
06 декабря 2019
Дата обновления
06 декабря 2019
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы