Меню

Страницы

Статья

Астанада 2023 жылы нан зауыты мен көкөніс қоймасы іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша базарлар мен сауда желілерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА әкімдіктің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ірі сауда желілеріне «айналым тетігі», бойынша қарыздар бөлінеді, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, өңірлердің аграршыларымен шарттар жасалады, азық-түлік тауарларына баға белгілеудегі делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істейді, үй жанындағы дүкендердің сауда үстемесін сақтауы бойынша мобильді мониторингтік топтар жұмыс істейді және т.б. аталған шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек азық-түлік базарларының, ірі сауда желілерінің, өнім өндірушілердің өкілдерімен кездесті. Кеңеске ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі Е.Шакқалиев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің астаналық департаментінің басшысы А. Кішкенбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және басқа да жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесуде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, азық-түлікті уақтылы жеткізу, мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру және т.б. мәселелер көтерілді.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру және сауда үстемесін сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандыруды, 2023 жылға жеңілдікті шарттар жасасуға арналған азық – түлік тауарларының көлемін айқындауды, кәсіпкерлерге-өнімдерді жеткізу бойынша шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындауды тапсырды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікті көрсетуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Сондай-ақ, Астанада Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өндірістік-тамақ кешенінің (нан зауыты, сүт өңдеу зауыты, көкөніс қоймасы), нан-тоқаш, ұн және кондитерлік өнімдерді дайындау жөніндегі өндірістік кешеннің, логистикалық орталықтардың және т. б. құрылысы жүргізілуде.

Нан зауытын (тәулігіне 25 тоннаға дейін өнім) және көкөніс қоймасын 2023 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Сүт өңдеу зауыты (тәулігіне 100 тоннаға дейін) - 2024 жылы.

https://www.inform.kz/ru/hlebozavod-i-ovoschehranilische-zapustyat-v-astane-v-2023-godu_a4015914 

Дата публикации
23 декабря 2022
Дата обновления
23 декабря 2022
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы