Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың
«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының жобасы
және оған ілеспе заң жобасы бойынша баяндамасы
2020 жылғы 24 желтоқсандағы ҚР Парламенті Сенаты
Құрметті Мәулен Сағатханұлы!
Құрметті депутаттар!
Жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» және оған ілеспе заң жобалары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Ағымдағы жылғы 24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында және 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған Жолдауында Мемлекет басшысы он жылдан астам уақыт бұрын қабылданған техникалық реттеу туралы заңнама қазіргі уақыттың талаптарына сай келмейтінін атап өтіп, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Жалпы, техникалық реттеудің негізгі проблемаларына:
Бұдан басқа, өз нарығымызды қорғау үшін
ірі әлемдік экономиканың сауда текетіресі жағдайында экономиканы «ілгерілететін» жүйелі факторлар бар, оларға да ден қою қажет:
Олардың ішінде:
Осыған байланысты және аталған кемшіліктерді жүйелі түрде шешу үшін Үкімет техникалық реттеу туралы заңның жаңа редакциясындағы жобасын әзірлеп, Парламенттің қабылдауына ұсынды.
Заң жобасын әзірлеу кезінде біздің негізгі міндетіміз тұтынушыларды қауіпті өнімнен қорғап қана қоймай, бақылау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде оларға артық жүктеме көрсетпей, отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін енгізе алатын жаңа нормативтік базасын құру болды.
* * *
Құрметті депутаттар!
Негізгі заң жобасының ірі ережелерін қысқаша атап өтуге рұқсат етіңіздер.
Бірінші – мемлекеттік бақылау кезінде жедел ден қою тетігін енгізу.
Бұл мәселедегі заңнамалық жаңалық – субъектілердің бақылауынан объектілердің бақылауына көшу. Яғни өндіруші немесе сатушы емес, өнімнің өзі тексерілетін болады. Ол үшін зертханаларда сынақ жүргізу үшін адам өміріне қауіпті өнім үлгілерін сатып алу рәсімдері енгізіледі.
Қауіпті өнімнің отандық нарықтағы айналымының шұғыл жолын кесу мақсатында заң жобасында Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес жедел ден қоюдың екі шарасы көзделеді.
Бұл расталған сынақтардың нәтижелері бойынша қауіпті өнімді алып қою және сертификаттаудан өтпеген немесе сертификаты жоқ өнімді айналымға шығаруға тыйым салу.
Бұл ретте заң жобасы жаппай бақылауды көздемейді. Объектілер ақпараттық базада «онлайн» режимде қадағаланатын болады.
Жедел ден қою шаралары бұлтартпайтын дәлелдер болған кезде ғана қолданылатын болады, ал өнімді айналымға шығаруға тыйым салу анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін қолданылады.
Екінші – сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіру, сертификаттау процестерін цифрландыру.
Ол үшін:
- сынақ базасының болуына қойылатын талаптар белгіленеді;
Осы шараларды қабылдау нәтижесінде сертификатталмаған өнім айналымы едәуір қысқарады.
Үшінші – салалардағы техникалық реттеуді күшейту.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде келіссөздер позициясын сапалы қалыптастыру мақсатында салалық мемлекеттік органдар жанында Сараптамалық кеңестер қызметін қайта құру көзделуде.
Ұлттық техникалық регламенттерді әзірлеудің тәртібі қайта қаралады.
Бизнес үшін ерікті сертификаттау жүйесін құрудың құқықтық тетігі белгіленеді.
Қазақстанда тиісті зертханалық практиканы дамыту мәселесіне аса көңіл бөлінеді.
Бұл Экономиқалық ынтымастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде қазақстандық сынақ хаттамаларын тануға серпін береді.
Аталған нормалар қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға, отандық өндірушілердің бәсекелестік артықшылығын және Қазақстанға тиімді позицияларды кәсіби түрде қорғауға бағытталған.
Ілеспе заң жобасы 33 заңнамалық актіге, оның ішінде 7 кодекс пен 26 заңға өзгерістер енгізуді көздейді.
Заң жобасының негізгі бағыттары:
1) заңнамалық актілерді техникалық реттеу туралы заң жобасының жаңа редакциясына және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық базасына сәйкес келтіру;
2) аккредиттеу, метрология, стандарттау саласындағы заңнаманы жетілдіру;
3) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында импортты шектеу шараларын қолдану арқылы қазақстандық өндірушілердің және еліміздің, яғни экономикалық мүдделерін қорғау;
4) әкімдіктерге осы өнімдерге сауда үстемелерін және сыйақылар мөлшерін бақылау функцияларын беру арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру;
5) «әлеуметтік әмиянды» енгізу, бұл халықтың әлеуметтік осал топтарына қаржы жүйесіне сөзсіз қол жеткізуге мүмкіндік береді;
6) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтарды, бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.
* * *
Құрметті депутаттар!
Қорытындылай келе, заң жобаларын қабылдау техникалық реттеу саласындағы бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығы мен тиімділігін, қауіпті өнімнің жолын кесудің жеделдігін, елдің экономикалық мүдделерін қорғауды, халықты әлеуметтік қолдауды, бизнес үшін адал кәсіпкерлік үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететінін атап өткім келеді.
Осыған байланысты, заң жобаларын бірінші оқылымда қолдауды сұраймын.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!