ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы тезисі
2021 жылғы 2 ақпан, сағат 09:00, селекторлық режимде
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
1-слайд. Сауда және интеграция министрлігінің қызметі саласына қатысты Мемлекет басшысы тарапынан бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Оларды іске асыру мақсатында ішкі және сыртқы сауданы дамыту үшін бастамалар әзірленді.
2-слайд. Бірінші, ағымдағы жылы бес жылдық өтпелі кезеңнің аяқталуына байланысты
жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық тауарларды сатып алу міндеттемесі жойылды.
Өндірушілерді қолдау ретінде жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті тауарларды сатып алу бойынша Ерікті келісімдер жасасу тетігі енгізілетін болады.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушылар сатып алу қызметін өздері дербес реттей алады. Тиісті заңды түзетулер Парламент Мәжілісінің қаралуында.
Сонымен қатар, қосымша қолдау шаралары пысықталып жатыр, олар:
- жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына қатысу үшін тауар өндірушілер мен адал жеткізушілердің тізілімін бекіту; және
- сатып алу процестерінде ұлттық стандарттарды қолдану.
Құрметті Асқар Ұзақбайлы, осы мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бизнес өкілдерімен бірлесіп қысқа мерзімде нақты шаралар қабылдау бойынша тапсыма беруіңізді сұраймын.
3-слайд. Екінші, «Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық орталығы жобасын іске асыру мақсатында өзбек тарапымен оның орналасатын жері келісілді. Бүгінгі таңда
біз жер телімін бөліп, инвестормен келіссөздер жүргізудеміз.
Алайда, өзбек тарапының позициясы өзгеруіне байланысты жобаны іске асыру процесі кешіктіріліп жатыр. Осыған орай біз жобаны іске асырудың қосымша нұсқаларын қарастырудамыз.
Жалпы, бұл Орталық Өзбекстанмен шекаралық сауданы «ағарту» және сауда инфрақұрылымын құру арқылы екі елдің арасындағы өзара сауда көлемін 10 млрд. АҚШ долларға дейін ұлғайтуға ықпал етеді.
4-слайд. Үшінші, әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарлары бағаларын тиімді қалыптастыру Министрліктің тұрақты бақылауында.
Өткен жылғы 11%-тік өсім импортқа тәуелді және экспортқа бағдарланған негізгі 5 тауарға байланысты болды, олардың үлесі – 8,9%-ті құрады.
Бағаны түбегейлі тұрақтандыру үшін Министрлік бірқатар кешенді шараларды ұсынады:
Біріншіден, әкімдіктер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы қажет, және:
- тауарлардың бағалары өсуі кезінде
шекті бағаларды енгізу бойынша дереу шараларды қабылдау;
- импортқа тәуелді және экспортқа бағдарланған тауарлар бойынша тұрақтандыру қорларын толықтай қалыптастыру; және
- өзімізде өндірілетін тауарлар бойынша қаржыландыру көлемін 50 млрд. теңгеге дейін ұлғайта отырып, «айналым схемасы» шеңберінде форвардтық келісімшарттарды басым түрде қаржыландыруды қамтамасыз ету керек.
Екіншіден, ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісін ұлғайту.
Үшіншіден, сауданы цифрландырумен қатар, Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске асыру.
Жалпы, 24 көтерме-тарату орталығы салынады. Оның ішінде 2022 жылы Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында, және Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында 7 көтерме-тарату орталығы іске қосылады.
Сонымен бірге В2В платформасы енгізіліп, әлеуметтік әмиянмен интеграцияланатын болады.
6-слайд. Төртінші, шекарадағы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл аясында:
- техникалық реттеу жүйесін цифрландыру;
- «Сәйкестікті бағалау туралы» жаңа заңды әзірлеу;
- шекаралық сынақ зертханаларын құру; және
- таңбалауға арналған тауарлар тізімін кеңейту ұсынылады.
Баяндамам аяқталды.
Назарларыңызға рақмет.