Меню

Страницы

Статья

ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың ҚР Үкіметі отырысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын ұстап тұру мәселелері бойынша тезистері Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 11 наурыз, «Үкімет Үйі» ғимараты, А303 каб., 09:00 сағ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

Жыл басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары 2,6%-ке өсті. Жылдық мәнде олар 13,2%-ке қымбаттады. Ең жоғарғы өсім, яғни 3,3%, Батыс Қазақстан облысы және Шымкент қаласында тіркелді. Олардан кейін тағы 8 өңірлерде еліміздегі тіркелген орташа деңгейінен жоғары, яғни 2,7%-тен 2,9%-ке дейін бағаның өсіміне жол берілді. 

Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністердің бағалары өсім көрсетті.

Мәселен, жұмыртқа өндірістің 8,4%-ке қысқаруы, жем мен пестицидтердің 25%-ке қымбаттуы, сондай-ақ құс тұмау таралуы салдарынан қымбаттады.

Ал, күнбағыс майы мен қанттың бағаларының өсіміне әлемдегі бағаларының өсуі, көрші елдердегі егіс алқаптарын қысқаруы және экспорттық өнімнің қымбаттуы себеп болды.

Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлік атқарушы органдармен бірлесіп, импортқа тәуелді тауарлар бойынша ғана емес, сондай-ақ экспорттың жоғары үлесі байқалатын өнімдер бойынша да өндірісті барынша ұлғайтуы қажет.Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!Сіздің тапсырмаңыз бойынша, бағаларды тұрақтандыру мақсатында Министрлік Ауыл шаруашылығы министрлігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп бағаларды тұрақтандыру бойынша Жол картасын әзірледі.Құжат 44 нақты шарадан тұрады. Әр шара бойынша нақты орындау мерзімі мен жауапты тұлғалар бекітіледі. Олар наурыз айынан бастап іске асырылады. Шараларды 4 бағытқа бөлуге болады.Енді жол картасының негізгі бағыттары бойынша қысқаша баяндайын.1-бағыт. Тексерулер мен комплаенс.Шаралар бұқаралық ақпарат құралдар және әлеуметтік желілер арқылы атқарылған жұмысты жариялай отырып, мемлекеттік органдар тарапынан бағаны негізсіз көтерген нарық субъектілеріне бақылауды күшейтуге бағытталған.Атап айтқанда, монополияға қарсы шаралардың өткізілуі және сауда желілерінде сауда үстемесінің көтерілмеуі көзделеді.Бұл барлық тексерулер мораторийге кірмейді. Себебі халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді.Осыған орай, шекті бағаларды белгілеумен қатар жергілікті атқарушы, монополияға қарсы және фискалды органдар бірлесіп тексерулер жүргізеді.2-бағыт. Сауда шаралары.Қолданыстағы тетіктерді жетілдіруді көздейді. Осы шараларды орындау үшін әкімдіктер сауда саясатын іске асыру жұмысын және бақылау функцияларын күшейтуі қажет.Оның ішінде шекті бағаларды белгілеу, нарық субъектілерімен шарттар жасасу, «айналым схемасын» ұлғайту ұсынылады. Бұған қоса, экспорттық тауарлар мен шикізатқа квоталарды орнату қарастырылған.3-бағыт. Өндірісті ұлғайту және кәсіпорындарды қолдау. Іс-шаралар кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын ұлғайтуға, шығындарды өтеу және қолданыстағы субсидияларды қайта қарау арқылы ынталандыруға бағытталған.Әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндірушілері үшін электр энергиясы тарифтерін бір қалыпта ұстау көзделген.Бұдан басқа, импортқа жоғары тәуелді тауарларға бағдарлана отырып, тұрақтандыру қорлары қайта қаралатын болады. Ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен бірлесіп көктемгі егіс жұмыстары кезінде форвардтық келісімшарттарды ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейтеді.4-бағыт. Заңнамалық өзгерістер. Бұл бағытта мемлекеттік сатып алудың конкурстық рәсімдерін оңайлату, шекті бағаларды белгілеу туралы қаулыларды келісу мерзімдерін қысқарту, бағаларды болжау тетігін енгізу сияқты түбегейлі өзгерістер қарастырылған.

Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауында тапсырылған, Ұлттық тауар өткізу жүйесі мен әлеуметтік әмиянын жедел ретінде іске қосу бір жағынан бағаны тұрақтандарады, екінші жағынан отандық тауар өндірушілер үшін өнімдерін сату нарығына және олар үшін экономиканың айналымындағы қаржы ресурстарының қол жетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қорытындылай келгенде Министрлік орталық және өңірлік атқарушы органдарымен бірігіп Жол картасының орындалуын ерекше бақылауда ұстайтын сендіреді.

Бұл ретте, Жол картасын сапалы орындау үшін оны іске асыру бойынша Үкіметтің жанынын мониторингтік орталығын құруды және оны орындаушы органдардың жауапкершіліктерін бекітуді ұсынамыз.

 

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
11 марта 2021
Дата обновления
11 марта 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы