Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың
Солтүстік Қазақстан облысын дамыту мәселелері жөніндегі Үкімет отырысына тезистері
Нұр-Сұлтан қаласы, 2021 жылғы «30» наурыз, сағат 09.00, «Үкімет Үйі» ғимараты, А301 кабинет
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті әріптестер!
Солтүстік Қазақстан облысын дамыту жөніндегі Кешенді жоспардың 53-тармағында сауда-логистикалық хаб құру көзделген.
Сауда және интеграция министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп аталған мәселені пысықтады.
Аталған жоба іске асыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Ұлттық тауар өткізу жүйесі шеңберінде көтерме-тарату орталықтары құрылады. Екінші кезеңде ол сауда-логистикалық хаб ретінде қайта құрылады.
Асқар Ұзақбайұлы, қазіргі уақытта Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың бірінші кезеңі Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасы аяқталу сатысында. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған.
Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың екінші кезеңі
7 көтерме-тарату орталықтарын, оның ішінде Петропавл қаласындағы Сақтау – көтерме-тарату орталығын құруды көдейді.
Бірінші кезеңде жинақталған тәжірибені ескере отырып, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Қазақстанның солтүстік өңірлерінің экспорттық әлеуеті Ресейдің Сібір, Солтүстік және Қиыр Шығыс өңірлеріне шамамен 1,0 млрд. долларды құрайды.
Осыған байланысты Петропавл қаласындағы көтерме-тарату орталығын толыққанды өнеркәсіптік, сауда және логистикалық хабқа одан әрі дамытуға көзделіп отыр.
Хабтың мамандануын Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін,
сондай-ақ минералдар, көмір, цемент және басқа да тауарларды жүзеге асыруға бағыттауды ұсынамыз.
Сондай-ақ, Хаб ресейлік кәсіпорындармен өнеркәсіптік кооперация жүзеге асырылатын алаң ретінде қарастырылуда және басқа көршілес елдермен бірігіп қалыптастырылып жатқан сауда хабтарымен өзара байланыс пен синергия қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.
Солтүстік Қазақстан облысы 592,3 мың тонна картоп және 37 мың тонна сәбіз өндіреді. Кәсіпорындардың (шаруа қожалықтары) үлесі шамамен 100 мың тоннаны құрайды, ал қалған бөлігі жеке үй шаруашылықтар арқылы өндіріледі.
Петропавл қаласында сақтау – көтерме-тарату орталығын құру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді 50 км радиуста сақтау алаңдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және Мағжан Жұмабаев атындағы ауданды, Қызылжар, Мамлют, Аққайың аудандарын қамтиды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен Петропавл қаласына жер телімін бөлу мәселесі пысықталды.
21,3 га алаңда қоймалар мен теміржол бекеті бар.
Сауда-логистикалық хабты құру өңірдің дамуына, бәсекеге қабілетті өндірістерге, өнімнің жаңа түрлерін игеруге, өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және инвестициялар тартуға қосымша серпін береді.
Назарларыңызға рақмет!