ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың
ҚР Үкіметінің отырысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік
тауарларының бағасын ұстап тұру мәселелері бойынша тезистері
Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 12 мамыр, «Үкімет Үйі» ғимараты, каб. А303, 09:00 сағ.
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті әріптестер!
Слайд 2
Ағымдағы жылдың басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 4,8%-ке өсті. Аталған өсім алдыңғы жылы қаңтар-сәуір айларында тіркелген 5,5%-ті құраған көрсеткіштен төмен.Дегенмен, биылғы сәуір айында бағалар 1,7%-ке қымбаттады. Бұл қабылданған шараларға қарамастан бірнеше себептерге тиесілі. Оларға мен соңында тоқталамын.
Ең жоғары баға өсімге, яғни 6,8%-ке – Атырау облысында, 6,3%-ке – Нұр-Сұлтанда және 5,6%-ке –Шымкентте жол берілді.
Бағаның ең төмен өсуі 4,0% Алматы облысында, 4,3% Қарағанды облысында және 4,4% Қызылорда облысында тіркелді.
Слайд 3
Енді баға өсімінің факторларын айтатын болсақ, бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдер (қант, қарақұмық жармасы), жоғары экспорттық сұранысқа ие тауарлар (күнбағыс майы), сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде бағаның өсуі байқалатын көкөністер қымбаттады.
Сақтау шығындарының артуы (көкөністерді сақтау шығындары айына 3-6 тг/кг құрайды) және қорлардың қысқаруы көкөністер импортының ұлғаюына әкелді.
Бұл ретте бағаның өсуі бүкіл әлемнің елдерінде де тіркелді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректеріне сәйкес
төрт айдың ішінде бағаның орташа өсімі 11,4%-ті құрағанын айтып өткен жөн.
Көршілес Ресей Федерациясымен салыстырғанда біздің елімізде азық-түлік тауарлары бағасының өсімі
2-3 есе төмен.
Слайд 4
Жалпы айтылған сыртқы және субъективтік факторларды еске ала отырып, еліміздегі әлеуметтік маңызы бар тауарлары бағаларының себепсіз өсуіне жол бермеу шаралары қолданысқа алынды деп айтуға болады.Бұл қабылданған шаралардың, атап айтқанда Үкіметтің отырысында мақұлданған Әлеуметтік маңызы бар тауарларының бағаларын ұстап тұру жөніндегі Жол картасының нәтижесі болып табылады. Жол картасының 20 жедел іс-шарасы орындалды.Қалған іс-шаралар жүйелі сипатқа ие және ағымдағы жылдың соңына дейін орындалатын болады.
Слайд 5
Бағаларды тұрақтандыру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар мынадай жедел шараларды қолдануда:
Слайд 6
Ішкі нарыққа әлемдік баға өсімінің әсерін азайту мақсатында нарықты отандық тауарлармен толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Осылайша, елдің өндірістік қуатын импортқа тәуелді 6 негізгі азық-түлік өнімдерімен (тауық еті, қант, шұжық өнімдері, балық, алма) ұлғайту және ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуін
2024 жылға қарай 100%-ке дейін жеткізу жоспарлануда.
Слайд 7
Ұзақ мерзімді кезеңге бағаларды тұрақтандыру тетігін құру және отандық өндірушіден сөреге дейін оңтайлы тауар қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында көтерме-тарату орталықтарының желісі түрінде ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.Бұл инфрақұрылым өнімді жеткізудің негізгі бағыттары үшін тиімді көлік-логистикалық арналарды құруға мүмкіндік береді.
Слайд 8
Асқар Ұзақбайұлы! Барлық қабылданған шараларды еске ала отырып, бұл мәселені қатаң бақылаудан қалдырмау қажет деп ойлаймын.Осыған байланысты келесі тапсырмаларды беруіңізді ұсынамын:
Назарларыңызға рақмет!
Орындаушы: Ішкі сауда департаменті