Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды ұстап тұру мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысына баяндамасы
Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 10 маусым, «Үкімет Үйі» ғимараты, каб. А303, сағат 09:00
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!Құрметті әріптестер!
Слайд 2 Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарларының бағасы 6,3%-ке өсті, оның ішінде 6 тауарлық позиция 5,3 проценттік тармақты немесе жалпы өсімнің 84%-тін құрады.Бұл маусымаралық кезеңде бағаның өсуі байқалатын көкөністер, сондай-ақ импортқа тәуелді өнімдер (қант, қарақұмық жармасы) және жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлар (күнбағыс майы).Жылдық мәнде бағаның өсуі 11,8%-ті құрады.Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның айтарлықтай өсуі Түркістан облысында – 9,4%, Нұр-Сұлтан қаласында – 8,5% және Алматы қаласында – 6,0% тіркелді.Бағаның ең төмен өсімі Батыс Қазақстан облысында – 5,7%, Ақмола облысында – 5,6% және Қарағанды облысында – 5,2% байқалады.
Слайд 3 Азық-түлік бағасының өсуі бүкіл әлемде байқалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы құрылымының деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында бағалар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ке өсті. Бұл соңғы 10 жылдың рекордтық көрсеткіші болып табылады.Баға өсімі біздің көрші елдерде де байқалады. Мәселен, Ресеймен салыстырғанда бізде көптеген тауарлар бойынша баға өсімі төмен.
Слайд 4 Өкінішке орай, әлемдік нарық бізге де әсер етті.Бірақ, бізде ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігіне әкелетін қосымша проблемалар байқалады.Мысалы, картоп бойынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес отандық өндіріс ішкі тұтынуды 108%-тен астам қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, картоптың тауарлық өндірісінің көлемі бар болғаны 2,0 млн.тоннаны немесе жалпы түсімнің 47%-тін құрайды. Қалған көлемі тауар айналымында жүйелі түрде қатыспайды.
Ол халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі.Сонымен қатар, өткен жылы экспорт 360 мың тонна көлемінде рекордтық мәнді құрады.Осылайша, картоп экспортының үлесі 19%-ті құрайды, бұл нарық тапшылығына әкеледі. Осыған орай, маусымаралық уақытта картопты импорттау қажеттілігі туындайды. Бұл жағдай жылдан жылға қайталанып келеді. Бірақ осы мәселені басқарып жүйелі шешімдерді табуға Ауыл шаруашылығы министрлігін шақырғанымен, жергілікті атқарушы органдар аталған проблеманы жою бойынша тиісті шаралар қабылдамайды.Өткен жылы картоп экспортына тыйым салу арқылы ғана баға тұрақтандырылды.Ағымдағы жылы төмен бағамен экспортталған (69 мың тонна) отандық өнім қорлардың 3 есе қысқаурына әсер етті (903 мың тоннадан 330 мың тоннаға дейін).Аталған кезеңдегі теңгерімсіздікті толтыру үшін Иран мен Пәкістаннан 28 мың тонна қымбат импорттық картоп сатып алынды. Бұл отандық картопқа қарағанда үш есе қымбат.Жалпы, 4 айда картоп импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67 есе өсті, ал жыл басынан бері импорт бағасы 47%-ке жоғарлады.Бұл ретте әкімдіктер барлық қажетті тетіктері болса да, халықты қамтамасыз ету үшін ішкі нарықта картопты ұстай алмады. Атап айтқанда, субсидиялау кезінде өндірушілерге «қарсы міндеттемелер» қойылмаған. Өңірлік тұрақтандыру қорларына картоп жеткілікті көлемде сатып алынбады, сондай-ақ форвардтық сатып алу және «айналым схемасы» сияқты нарықтық тетіктер толық пайдаланылмады.Аймақтардың тұрақтандыру қорларында қазіргі уақытта картоп қоры іс жүзінде жоқ.
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, қысқа мерзімде Ауыл шаруашылығы министрлігіне Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, азық-түлік тауарларын өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімін әзірлеу туралы тапсырма беруіңізді ұсынамын. Бұл бағаның өсу тәуекелдерін уақтылы анықтауға және бағаны тұрақтандыру бойынша алдын алу шараларын уақтылы енгізуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ, қазірдің өзінде жергілікті атқарушы органдар Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілігімен ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау шеңберінде ішкі нарықты бірінші кезекте өніммен қамтамасыз ету бойынша қарсы міндеттемелер қоюы қажет.
Слайд 5 Сәбіз бойынша одан да қиын жағдай қалыптасты.Қазіргі уақытта отандық өнім қоры жыл басымен салыстырғанда 5,3 есе төмендеді (211 мың тоннадан 40 мың тоннаға дейін). Бұл ретте жыл сайын Қазақстанда сәбіз өндірісінің жетіспеушілігі байқалады, бұл қажеттіліктің 5-6%-ті.Негізгі тапшылық сәуірден шілдеге дейінгі кезеңге келеді, оны біз Өзбекстаннан қымбат импорт есебінен толтыруға мәжбүрміз.Бұл ретте Өзбекстанда сәбіз бағасы жыл басынан бері 55%-тен астам өсті.Сәбіз бойынша өңірлер де қорлардың жеткілікті көлемін қалыптастырған жоқ – тұрақтандыру қорларында бар болғаны 258 тонна сақталуда.Сәбіз бойынша форвардтық сатып алу қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 5,7 мың тоннаны құрайды, оның 73%-ті тек Алматы қаласына тиесілі.
Слайд 6 Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар бағаны тұрақтандыру бойынша Жол картасының
іс-шараларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.Бүгінгі күні 12 іс-шара орындалмаған, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 9 іс-шараны орындамаған, 2 – Сауда және интеграция министрлігі, 1 – жергілікті атқарушы органдар.
Анықтама: ірі қара мал, кіші қара мал, күнбағыс тұқымдары мен күнбағыс майын әкетуге квоталарды белгілеу бойынша. Министрлік бұл мәселені сыртқы сауда жөніндегі Ведомствоаралық комиссияға бастамашылық етіп шығарды және онда оң қорытынды алынды. Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылық министрлігі квоталарды белгілеу ережелері мен көлемін көздейтін салалық бұйрықты қабылдау бойынша жұмыс жүргізуде.Әкімдіктердің шекті бағаларды бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні қабылдау мерзімдерін қысқарту бойынша. Министрлік тиісті түзетулерді әзірледі, олар биржалық сауда туралы заң жобасын пысықтау шеңберінде бастама болады.
Слайд 7 Осыған байланысты, Асқар Ұзақбайұлы
келесі тапсырмаларды беруіңізді сұраймын.
1. Ауыл шаруашылығы министрлігіне:Біріншіден, шұғыл түрде ай сайын өзектендіре отырып, азық-түлік тауарларының өндірісі, импорты, экспорты, қолда бар қорлар мен тұтыну теңгерімінің болжамын әзірлеу, бұл бағаның өсуіне ықпал ету факторларына уақтылы талдау жүргізуге мүмкіндік береді.Екіншіден, субсидиялар алған кезде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруға бағытталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне нақты қарсы міндеттемелерін енгізуді жеделдету қажет.
2. Әкімдіктерге:біріншіден, форвардтық сатып алуды қаржыландыруды 10 млрд. теңгеге дейін
және «айналым схемасын» қаржыландыруды
50 млрд. теңгеге дейін жеткізу;Сіздің бірінші орынбасарыңыз бұл тапсырманы бірнеше рет облыстарға жеткізді. Дегенмен ол тапсырманы орындауды пысықтау қажет.екіншіден, сауда субъектілерінің бағаларды тұрақтандыру жөніндегі меморандумдарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын қатаң бақылауға алу.
Слайд 8 Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, баға мониторингінің бірыңғай платформасын әзірлеу жөніндегі Сіздің тапсырмаңызды орындау үшін тиісті жұмыс жүргізілуде.Нарықтық және ведомстволық деректерді қоса алғанда, әртүрлі деректерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ақпарат ауқымын жинау және талдамалық өңдеу үшін eprice.gov.kz. платформасы әзірленді.Оның мақсаты – факторларды анықтау және бүкіл тізбектегі тауарлардың қозғалысы мен бағасының тенденцияларын қалыптастыру.Аталған сайт бүгінгі күні құрылды. Ұлттық статистика бюросының, Мемлекеттік кірістер комитетінің және басқалардың деректерімен алмасу жұмыстары басталды.Бұдан басқа, Асқар Ұзақбайұлы, менің Өзбекстан мен Тәжікстан Республикаларына сапарым барысында азаматтарымыз үшін жаңа піскен астыққа азық-түлікті неғұрлым төмен бағамен тікелей жеткізуді ұйымдастыру жөніндегі келіссөздердің кезекті раундын өткізу жоспарланып отыр.
Назарларыңызға рахмет!
Орындаушы: Ішкі сауда департаменті