ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Е.Қ. Қазанбаевтың
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын
іске асыру мәселелері жөніндегі ҚР Үкіметінің отырысына тезистері
Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 2 қыркүйек, сағ. 09:00
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті әріптестер!
Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Сауда министрлігіне екі тармақ бекітілген:
1. «Шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардың көтерме-тарату орталықтары жүйесіне қол жеткізуін қамтамасыз ету».Ұлттық тауар өткізу жүйесінің негізгі міндеті өндірушіден ритейлге дейін толық циклді инфрақұрылымның тұтас жүйесін құру болып табылады.Тауар өндірушілер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың Көтерме сауда орталықтары жүйесіне еркін және бәсекелі қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында жеке және мемлекеттік әріптестер арасындағы жасалған мемлекеттік жекеше әріптестік шарты шеңберінде тиісті нормалар көзделетін болады.Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді және өндірушіні тұтынушыға жақындататын жеке экономикалық кластерді құрады.Өз кезегінде, еркін бәсекелестік пен өнімді сақтау және бөлу инфрақұрылымы тарифтерінің болжамды деңгейі біздің азаматтарымыз үшін азық-түліктің түпкілікті бағасына оң әсерін тигізеді.
2. «Өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойынша тамақ өнімдерінің бағасын бірыңғай бақылау жөніндегі негізгі жауапты мемлекеттік органды айқындау және мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл регламентін әзірлеу».Осы тармақты іске асыру үшін Министрлік Ұлттық экономика министрлігі және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, бір айлық мерзімде Сауда және интеграция министрлігіне өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеуді үйлестіру және бөлу жөніндегі уәкілетті органның функцияларын беру ұсыныстарын енгізеді.Сондай-ақ бір ай мерзімінде салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиісті регламенті әзірленетін болады.Біздің мақсатымыз – азық-түлік тауарларының ағындары мен бағаларын мониторингтеу мен болжаудың дұрыс және тиімді жүйесін құру. Бұл мемлекетке нарық конъектурасы мен баға өзгеруіне уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Орындаушы: Ішкі сауда департаменті