ҚР Үкіметінің отырысына Инфляцияға қарсы ден қою шаралары
кешенінің жобасын талқылау бойынша тезистері
Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 7 қыркүйек, 08:00 сағ.
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Құрметті әріптестер!
Слайд 1
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,9%-ке өсті.Ішкі нарықта отандық өнімдердің көбеюі есебінен соңғы екі аптада бағалар 0,5%-ке төмендеді.Атап айтқанда, ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп бағасы 34%-ке немесе 71 теңгеге, ал сәбіз 41%-ке немесе 122 теңгеге төмендеді.Сонымен қатар, соңғы апталарда қырыққабат 0,4%-ке, пияз – 0,1% арзандады.
Слайд 2
Бағаның ең жоғары өсімі 11,6% Түркістан облысында, 11,3% – Қызылорда облысында және 11,3% – Қостанай облысында тіркелді.Ең төмен өсім 9,5% Алматы қаласында, 9,6% –Алматы облысында және 9,7% – Қарағанды облысында белгіленді.
Слайд 3
Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 10 шілдедегі ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешеніне әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу бойынша жедел және жүйелі шаралар енгізілді.Бұдан басқа, Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігін әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу мәселелерінде бірыңғай үйлестіруді жүзеге асыратын негізгі жауапты мемлекеттік орган ретінде айқындау ұсынылады.Сондай-ақ, Министрлік азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселелері бойынша салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл регламентінің жобасын әзірледі, оны ҚР Үкіметінің жақын арадағы отырысында бекіту қажет.Азық-түлік тауарларына мониторинг пен бағалардың неғұрлым сапалы және тиімді жүйесін жүргізу мақсатында Министрліктің мынадай институционалдық күшейтулерін ұсынамыз.Осы бастама шеңберінде мемлекеттік органдардың:
Слайд 4
Асқар Ұзақбайұлы, Сіздің тапсырмаңыз бойынша Сауда бойынша аналитикалық платформа құрылды. Оны пилоттық режимде іске қосуға дайынбыз.
Платформа онлайн режимінде азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізуге және болжамды бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ал мүдделі мемлекеттік органдардың қолданыстағы базаларымен интеграция жүргізе отырып, платформа бағаның өсу себептері мен оларды тұрақтандыру жолдарын көруге мүмкіндік беретін математикалық модельдерді құруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, сауда саласының жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, түпкілікті тұтынушыға дейін бүкіл тізбек бойынша тауарларға баға белгілеу үрдістерін анықтау мүмкін болады.
Бұл жұмыс Үкіметтің цифрлық кеңсесі аясында жүргізіледі.
Осы платформаға әкімдіктердің ахуалдық орталықтары да қосылатын болады, бұл әрбір өңірдегі баға бойынша жағдайды жедел режимде мониторингтеуге мүмкіндік береді.
Слайд 5
Сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті – кешенді сауда-логистикалық инфрақұрылым құру арқылы өндірушіден тұтынушыға дейінгі сауда-өткізу тізбегін құру болып табылады.Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың бірінші кезеңі шеңберінде Қазынашылық комитетінде тіркелген, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалды.Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.2022 жылғы қаңтарға дейін 2 көтерме тарату орталығын жаңғыртып тапсыру жоспарланып отыр.Қалған терме тарату орталықтарының құрылысын 2022 жылдың қаңтар айында бастап, тамыз айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.Екінші кезеңде 17 көтерме тарату орталығын салу жоспарлануда. Жеке әріптеспен бірлесіп, маркетингтік талдау жүргізілді, жер учаскелерінің 70%-і анықталды және оларды бөлу бойынша рәсімдер басталды.Екінші кезең бойынша Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу 2022 жылғы сәуірде, ал пайдалануға тапсыру 2024 жылғы тамызда жоспарлануда.
Назарларыңызға рахмет!
Исполнитель: Департамент внутренней