Меню

Страницы

Статья

ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың ҚР Үкіметінің отырысына сауданы дамыту және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы мәселелері бойынша тезистері Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 14 қыркүйек, сағ. 09:00

ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың

ҚР Үкіметінің отырысына сауданы дамыту және әлеуметтік

маңызы бар тауарлардың бағасы мәселелері бойынша тезистері

Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 14 қыркүйек, сағ. 09:00

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!Құрметті әріптестер!

 

Слайд 1

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 23,4%-ке өсіп, 10,4 млрд. долларды құрады.

Өсу драйверлері мыс пен катодтардың экспорты 40%-ке өсті, сондай-ақ ферроқорытпалар жеткізу 26,7%-ке, болат прокатын жеткізу 95,4%-ке өсті.

Сонымен бірге, COVID-19 негізінен қызмет көрсету нарығына әсер етті. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қызметтер экспорты 21,2%-ке немесе 1,5 млрд. доллардан 1,2 млрд. долларға дейін қысқарды.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, шикізаттық емес экспорттың көлемін ұлғайту мақсатында экспортқа бағдарланған тікелей шетелдік инвестицияларды тарту қажет.

Осыған байланысты инвестицияларды тарту мәселелеріне жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органдар бірінші басшыларының орынбасарларына экспортты дамыту және ілгерілету мәселелерін бекітуді сұраймын.

Сондай-ақ инвестициялық жобаларды келісу кезінде шарттардың бірі шикізаттық емес тауарлардың экспортқа бағдарлануы болуға тиіс.

  

Слайд 2

Ішкі сауда саласында да оң динамика байқалады. Мысалы, саудадағы жалпы қосылған құнның нақты көлем индексі ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 109,1%-ті құрады, бұл іс жүзінде 2020 жылы саланың даму шығындарын өтейді.Электрондық коммерцияның белсенді дамуы жалғасуда. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесі 12,2%-ті құрады, бұл 2020 жылдан 2,5 проценттік тармаққа жоғары.Ішкі сауданың даму көрсеткіштері бизнестің қазіргі жағдайларға бейімделгенін және одан әрі дамып келе жатқанын көрсетеді.

 

Слайд 3

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,7%-ке өсті.Жалпы өсудегі үлесі 5,9 проценттік тармақты құрап отырған көкөністер едәуір қымбаттады.Сонымен қатар, ішкі нарықты жаңа піскен отандық көкөністерімен қанықтыру нәтижесінде тамыз айының ортасынан бастап бағалар тұрақтанып, төмендей бастады. Соңғы 3 аптада бағалар 0,7 проценттік тармаққа төмендеді.Ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп 64%-ке, сәбіз 54%-ке, пияз 4%-ке, қырыққабат 2%-ке арзандады. 

 

Слайд 4

Бағаның ең жоғары өсуі 11,4% – Түркістан облысында және 11,0% –  Қызылорда облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

Бағаның ең төмен өсуі 8,6% – Қарағанды облысында, 8,9% – Алматы қаласында және 9,2% – Алматы облысында белгіленді.

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

 

Бүгінгі таңда сауда саласы дамып, оң динамиканы көрсетуде. Пандемияға қарсы шараларды қабылдау, әсіресе вакциналандыру науханын белсенді жүргізу, сыртқы сауданың, оның ішінде қызметтердің экспортын арттыруға және ішкі нарықтағы сауданың тұрақты дамуына тікелей әсерін тигізетіні сөзсіз.

Ішкі сауданың әлеуметтік мәндерін айтатын болсақ, жыл басынан бері қабылданған шаралардың арқасында азық-түлік бағасының өсуі тұрақтанды және өткен аптадағы Үкіметтің отырырысында бекітілген Жол картасына сәйкес жылдың соңына дейін инфляцияны белгіленген коридорда ұстап тұруға мүмкіндік береді.

 

Назарларыңызға рақмет!  

 

Презентация

Дата публикации
14 сентября 2021
Дата обновления
14 сентября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы