ҚР Үкіметінің отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
Сауда және интеграция Министрі Б.Т. Сұлтановтың баяндамасы
2021 жылғы 23 қараша, «Үкімет Үйі» ғимараты, каб.303, 09: 00 сағ., Нұр-сұлтан қ.
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті әріптестер!
Слайд 1
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды аспектілерін ерекше атап өтті. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және ішкі нарықты қауіпсіз және сапалы тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету міндетті іске асырудың тиімді шаралары мен құралдары болып табылады.
Осы мақсатта Министрлік ішкі сауданы дамытуды, жетілдіруді және реттеуді, оның ішінде техникалық реттеу және стандарттау құралдары арқылы, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру арқылы жүзеге асырады.
Слайд 2
Өткен жылы қабылданған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамаға түзетулердің арқасында,
Атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан ведомствоаралық кеңес құрылды;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік бақылау жүргізу функциялары берілді;
- тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу нормалары енгізілді;
- тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылы жүйесі құрылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап е-tutynushy ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізіліп, тұтынушылардың өтініштерін «біріңғай терезе» арқылы қабылдауға мүмкіндік берілді. Бұл порталының міндеті-тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың барлық шараларын бір жерге шоғырландыру және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне байланысты ақпаратқа тез және кедергісіз қол жеткізу.
Слайд 3
Жыл сайын тұтынушылардан Сауда және интеграция министрлігіне келіп тусетін өтініштері саны өсуде. Мысалы, 2019 жылы 5 977 өтінішті қарастырса, 2020 жылы олардың саны 20 919-ға өсті, ал ағымдағы жылдың 10 айы бойынша көрсеткіш өткен жылдың көлемінен асып түсті.
Осы мәліметтер саладағы проблемалардың бар екендігін ғана емес, сонымен бірге тұтынушылық мәдениет деңгейінің біртіндеп артуын да көрсетеді.
Өтініштердің өсуінің ұқсас жағдайы өзге мемлекеттік органдар бойынша да байқалады. Мәселен, 2019 жылы мемлекеттік органдарға шамамен 30 мың өтініш түсті, 2020 жылы – 48 876, ағымдағы жылдың 6 айында 26 161 өтініш қаралды.
Тұтынушыларды толғандыратын сұрақтар, жылдан жылға қайталанып келеді: бұл ТКШ, бөлшек сауда, медициналық, туристік қызметтер, байланыс, көлік қызметтері салалары.
Слайд 4
Мемлекет басшысы тәуелсіз әлеуметтік сауалнамалардың маңыздылығын атап өтті. Сондықтан, Министрлік тәуелсіз ұйымдарды тарта отырып тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін атап өткім келеді.
Сауалнама нәтижелері бойынша ел тұрғындарының басым наразылығы келесі саларда көрсетілген:
- медициналық қызметтер-46%;
- байланыс қызметтері – 36%;
- қалалық қоғамдық көлік-35,7%.
Көріп отырғанымыздай, жекелеген салалардағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының проблемалары жүйелі сипатқа ие.
Осыған орай мемлекеттік органдар тұтынушылардың наразылығы туындайтың негізгі себептерге талдау жүргізу қажет.
Слайд 5
Мемлекет алдында қоғам мен бизнес-қоғамдастық мүдделері арасындағы тепе-теңдікті табу міндеті тұр.
Осыған байланысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін трансформациялау басталды. Бұл реформада тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесімен тығыз байланысты техникалық реттеу мен стандарттау маңызды рөл атқарады, өйткені бұл салалар тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі уақытта тауарлардын сапасымен қауіпсіздігіне арналған 3 мыңға жуық ұлттық стандартар әзерленген, алайда олардың қолданылу белгілі бір салаларда төмен.
Жылдан жылға өтініштер/шағымдар саны артып келе жатқан экономика салаларына ерекше назар аудару қажет, сонымен қатар, аталған салаларда тұтынушылардың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша қанағаттануын қамтамасыз ету үшін жаңа ұлттық стандарттарды әзерлеу және қолданыстағы ұлттық стандарттарды өзектіндеру қажет.
Салалық мемлекеттік органдардың өздерінің НҚА-да қолданыстағы ұлттық стандарттарға сілтемелерді пайдалану қажеттілігі тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі маңызды аспект болып табылады.
Слайд 6
Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 16 қарашасында Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің отырысында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға, тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты әрі тиімді қорғауға бағытталған өзгерістер мен түзетулер енгізуді тапсырды.
Осыған орай Министрлік қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына тиісті өзгерістер әзерлеуде.
Біріншіден, Тұтынушылардың ұлттық қауымдастығы коммерциялық емес ұйымының ұйымдық-құқықтық нысанындағы мәртебесін заңнамалық бекіту бойынша мәселені пысықтауда.
Екіншіден, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институты бойынша заңнамаға түзетулер шеңберінде енгізіледі, ол халықтың дауысы болып табылады және тұтынушылардың құқықтары бұзылатын салалар қазіргі жүйелі проблемаларын мемлекеттің бірінші тұлғаларына тікелей жеткізеді.
Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан 20 мың респонденттің 56% Ұлттық тұтынушылар қауымдастығын және Омбудсмен институтын құру мәселесін қолдаған.
Осыған ұқсас институттар Германияда, Швейцарияда, Швецияда, АҚШ-та және басқа елдерде бар және өз қызметін сәтті жүзеге асыратынын атап өткен жөн.
Үшіншіден, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің базалық қағидаттарын салалық заңдарға және заңға тәуілдер нормативтық құқықтарының актілерге тарату қажеттілігі ұсынылады.
Төртіншіден, қоғамдық бірлестіктердің тұтынушыға өтелетін сомадан сыйақыны есептеу туралы нормасын реституциялық жөніндегі тілектері назарға алынды
Бесіншіден, электрондық сауда сегментінде тұтынушылардың құқықтарын бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құқықтық реттеуді жетілдіру ұсынылады.
Әрбір қазақстандыққа күн сайын кездесетін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік маңызды және қажетті заң жобасы әзірленуде.
Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобалар тұжырымдамаларының жобалары ашық НҚА интернет-порталында орналастырылды және мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.
Сондықтан тұтынушылардың құқықтарын қорғау және кәсіпкерлік қоғамдастарды мемлекеттік органдарымен бірлесіп осы жұмысқа білсенді қатысуға шақырамын
Назарларыңызға рахмет!