ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың ҚР Парламенті Мәжілісінің
пленарлық отырысында «Кейбір заңнамалық актілерге биржалық сауданы дамыту және жетілдіру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндамасы
Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Парламенті Мәжілісі, 2021 жылғы 24 қараша, сағат 10:00
Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!
Құрметті депутаттар!
Сіздердің назарларыңызға «Кейбір заңнамалық актілерге биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ұсынылады.
Жоба тауар биржаларының қызметін реттеуді заңнамалық жетілдіру бойынша Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 46-тармағын орындау үшін әзірленді.
Заң жобасында заңнамалық базаны халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келтіру, сондай-ақ биржалық сауданы дамыту бойынша толықтырулар кешені көзделген. Оларды іске асыру орнықты және бәсекеге қабілетті отандық биржалық саланы қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ұсынылып отырған Заң жобасының негізгі бөлімдеріне тоқталып кетейін.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 19 тауар биржалары лицензияланған.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес биржалық келісімдердің саны 2009 жылы 1 119-дан 2020 жылы 48 000 келісімге дейін, яғни 50 есеге өсті.
Бұл ретте, жетекші үш тауар биржасының («Астана», ЕТС, «Каспи» биржалары) биржалық сауда-саттық көлемі 2020 жылы 291,2 млрд. теңгені, яғни барлық сауда-саттық көлемінің 30%-ін құрады.
Тұрақты биржалық саланы қалыптастыру мақсатында заң жобасында тауар биржаларының екі деңгейлі жүйесін енгізу ұсынылады.
Бірінші деңгей. Сауда-саттықты биржалық тауарлармен жүзеге асыратын тауар биржалары үшін жарғылық капиталды 700 мың еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту көзделген.
Екінші деңгей. Стандартталмаған тауарлармен ғана сауда-саттықты жүзеге асыратын тауар биржалары үшін талаптар бұрынғы деңгейде қалады. Яғни жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 300 мың еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Биржалардың түрлі-тармақтарына бөлінуі биржалық сауданы жетілдіруге және дамытуға серпін береді. Яғни тек стандартталмаған тауарлармен сауда-саттықты жүзеге асыратын биржалар басқа қатысушылармен шоғырланып, қызметтер спектрін кеңейтіп, олардың сапасын жақсарту және көлемін ұлғайту арқылы өз потенциалын арттыруға тырысады.
Қазіргі уақытта тауар биржалары брокерлер мен дилерлерді аккредиттеуді, сондай-ақ сатып алушылар мен сатушылардың бір биржадан екіншісіне ауысуын қиындататын әртүрлі талаптармен өздерінің ішкі биржалық сауда ережелерін белгілейді.
Бәсекелестікті және тауар биржасына тең қолжетімділікті арттыру мақсатында заң жобасында биржалық сауданың Бірыңғай қағидаларын бекіту көзделген. Сондай-ақ онда:
Бұл ретте, Бірыңғай қағидалармен оларға жекелеген талаптар қоя отырып, тауарлар мен
сауда-саттықты секциялар бойынша бөлу белгіленетін болады.
Сонымен қатар, Заң жобасында тауар биржасына брокерлердің жасалған келісімдерінің көлеміне қарай сараланған биржалық алым белгілеу құқығы көзделген.
Енгізілетін норма тұрақты сауда жүргізетін сатушылар мен сатып алушыларға биржалық алым ставкаларына жеңілдік алуға мүмкіндік береді, бұл олардың биржалық сауда көлемін ұлғайтуға мүдделілігін арттырады.
Биржа сауданың маңызды экожүйесі болып табылады. Оның негізгі факторы биржалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген сенімділік болып табылады.
Қолданыстағы тетіктер биржалық саудадағы жеткізушілердің жауапкершілігін көздемейді. Бүгін кепілдік және сақтандыру қорлары тауар биржасының және осы тауар биржасында аккредиттелген брокерлердің қаржы ресурстарынан қалыптастырылады.
Сондықтан осы Заң жобасы аясында биржадағы келісімдерді сақтандыруды енгізу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл стандартты және қосарланған қарсы аукцион режимдерінде іске асырылатын болады.
Келісімдердің жасалуын және шарттардың орындалуын сақтандыру құралын енгізу барлық қатысушылардың тәуекелдерін азайтады, олардың жауапкершілік деңгейін және биржалық сауданың тартымдылығын арттырады.
Сондай-ақ, Заң жобасында Министрлікке ең төменгі қаржылық тұрақтылықтың шегін белгілеу бойынша құзырет беру ұсынылады.
Ұсынылған құрал новелла емес. Бұл практика шет елдерде мәселен АҚШ, Ұлыбритания, Алмания, Сингапур, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың ұлттық жүйесінде қолданылады.
Бұл шара өткізілетін сауда-саттықтардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді, келісімдер қауіпсіздігінің қосымша құралы болып табылады, потенциалы дәрменсіз өнім берушілер шегеріледі, сондай-ақ биржалық саудаға қатысуға мүдделі тұлғалардың көлеңкеден шығуын ынталандырады.
Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!
Құрметті депутаттар!
Қорытындылай келе, заңнамаға осы толықтыруларды енгізу:
Заң жобасы Парламент Мәжілісінде депутаттардың ұсыныстарын ескеріле отырып пысықталды. Олардың ішінде атап өтетін маңызды ұсыныстар:
Бұдан басқа еліміздің тауар айналым жүйесін және мемлекеттік мүдделерін, олардың ішінде азық-түлік қауіпсіздігін арттыратын депутаттардың ұсыныстары да Үкімет тарапынан қолдау тапты. Осы және басқа да ұсыныстар екінші оқылымға дейін жұмыс тобында қосымша пысықталатын болады.
Осыған байланысты депутаттарға қолдау көрсеткені және бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғыс айтқым келеді.
Сіздерден Заң жобасын бірінші оқылымда қолдауларыңызды сұраймын!
Баяндама аяқталды, назарларыңызға рақмет!