Меню

Страницы

Статья

«Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндамасы

 «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық

үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы

келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндамасы

 

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің назарларыңызға «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы ұсынылады.

Осы Келісімнің ратификациялануы Қазақстанда әзірленген стандарттық үлгілерді Келісімге қатысушы елдерде қосымша сынақ рәсімдерін жүргізусіз тануға мүмкіндік береді.

Яғни, Қазақстан Республикасында стандарттық үлгі өндіріліп, сынақтардан және үлгінің типін бекітуден өтсе, Келісімге қатысушы басқа елдер қосымша сынақтарсыз техникалық құжаттаманың сараптама нәтижелерін мойындайды.

Анықтамалық: ҚР-да стандарттық үлгілерді өндіретін 16 ұйым бар, олар: ҚазСтандарт, «Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты» РМК, «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Центргеоаналит» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ.

 

Осылайша, мемлекетаралық мәртебесі бар қаралып отырған Келісімнің ратификациялануы, метрология саласындағы өлшеу нәтижелеріне деген сенімді арттырып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Мемлекетаралық стандарттық үлгілер экономиканың түрлі салаларында сұранысқа ие және кеңінен қолданылады.

Анықтамалық: ағымдағы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша Мемлекетаралық стандарттық үлгілер тізілімінде барлығы 2327 бірлік тіркелген. Оның ішінде РФ – 1862, ҚР – 337, БР – 62, ӨР – 46 стандарттық үлгі.

 

Ұлттық тізілімде 634 стандарттық үлгі тіркелген. Оның ішінде, 337-сі мемлекетаралық стандарттық үлгілер Тізіліміне енгізілген.

Ағымдағы жылы, біздің Стандарттау және метрология институты 163 стандарттық үлгілерді әзірлеп, олардың мемлекетаралық стандарттық үлгілер тізіліміне енгізілгенін атап еткім келеді.

Анықтама үшін: мемлекетаралық стандарттық үлгілер Келісімге қатысушы елдерде сынақтар бойынша қосымша рәсімдер жүргізусіз танылады (типті бекіту бойынша уақытты орта есеппен 1,5 айға айтарлықтай қысқартады).

 

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Қорытындылай келе, осы Келісімнің ратификациялауы Келісімге қатысушы елдер арасындағы техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретінін атап өтемін.

Бұл Келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың болуына жағдай жасайды, бұл стандарттық үлгілер экспортының дамуына қолайлы әсер етеді.

Бизнес үшін бұл - қаржылық әл-ауқаттың арттыруына жаңа жағдайлар жасайды, әкімшілік жүктемелерді қысқартады және кәсіпкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Қолдау көрсетуіңізді сұраймын!

Баяндама аяқталды, назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
24 ноября 2021
Дата обновления
24 ноября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы