Меню

Страницы

Статья

ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың ҚР Үкіметінің отырысына тезистері 2022 жылғы 12 қаңтар, сағат 8.30

ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың ҚР Үкіметінің отырысына тезистері 2022 жылғы 12 қаңтар, сағат 8.30

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

 

Мемлекет басшысының Үкіметтің қаржы-экономикалық блогы жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін жедел және жүйелі шаралар қабылданатын болады.

Бірінші. АЗЫҚ-ТҮЛІК ИНФЛЯЦИЯСЫН тежеу және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу шараларын күшейту шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

Екінші. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, тауарларды өндіру, тұтыну және қайта бөлу теңгерімдерінің толық мониторингі қамтамасыз етілетін болады.

Үшінші. Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл шеңберінде импортталатын азық-түлік тауарларын тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Қажет болған жағдайда экспорттық шектеу жөніндегі шаралар уақтылы қабылданатын болады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспортына тыйым салынды.

Төртінші. Кәсіпкерлік кодексінде шекті бағаларды қолдану құралдары көзделген.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, шекті бағалар тетігі қайта қаралды.

Бұл бағаның одан әрі өсу қаупін болдырмауға мүмкіндік береді. Жекелеген тауарлар бойынша бағалар айтарлықтай өскен жағдайда, монополияға қарсы орган белгіленген тәртіппен шекті бағаларды әкімшілік бекіту құралы уақтылы қолданылатын болады.

Бесінші. Сауда Комитетінің қызметін функционалдық күшейтуге байланысты шұғыл заңнамалық бастамалар дайындалатын болады.

Бұдан басқа, маусымаралық және пандемия кезеңіндегі бағаның себепсіз өсуіне байланысты өткен жылдардың тәжірибесін ескеретін басқа да мәселелер пысықталуда.

Мемлекет басшысының ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ және ТӨЛЕМ БАЛАНСЫН ЖАҚСАРТУ қажеттігі туралы тапсырмасына да қысқаша тоқталғым келеді.

Бірінші. «Экспорттық тәртіп» тәсілдерін енгізу жолымен шикізаттық емес экспортты ұлғайту бойынша жүйелі ұсыныстар әзірленетін болады.

Жоғары білікті кадрларды, елде жаңа технологияларды шоғырландыру және халықаралық нарықта жаңа белсенді ойыншыларды өсіру үшін Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Еуропаның тәжірибесі пайдаланылатын болады.

Екінші. Халықаралық қызметтер саудасы және трансшекаралық сауданы дамыту жұмысына көңіл бөлу керек.

Бұл үшін Министрлік қызметтер экспортын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін болады және Ұлттық банкпен бірлесіп олардың экспортын есепке алу әдістемесі қайта қаралады.

Үшінші. Жақын көршілес елдермен сауданы кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасады.

Сауда-экономикалық қатынастарды, өнеркәсіптік және инвестициялық кооперацияны одан әрі тереңдету Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестерге және Орталық Азиядағы жақын көршілерге бағытталатын болады.

***

Сондай-ақ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЛОКТЫҢ басқа мәселелеріне тоқталғым келеді.

Үкіметтің экономикалық саясаты, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталатын болады.

Ашық әрі теңдестірілген принципке сай бюджет және фискалдық саясат қалыптастырылады. Салықтық-кедендік әкімшілендірудің батыл шаралары қосымша табыс көздерін қамтамасыз етеді.

Жеке секторды экономикалық өсу драйвері ретінде дамыту мақсатында бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнесті күшейтуге баса назар аударылатын болады.

Шағын кәсіпорындарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тиімді және қол жетімді болады.

Мемлекеттің экономикадағы үлесі оны жекешелендіру және бәсекелес ортаға беру арқылы қысқартылады, мемлекеттік активтерді басқару тәсілдері қайта қаралады.

Жалпы, қаржы-экономикалық блок бойынша толыққанды пысықталған шаралар Үкіметтің жаңа Бағдарламасын әзірлеу барысында ұсынылатын болады.

 

Баяндама аяқталды.

Назарларыңызға рақмет.

Дата публикации
12 января 2022
Дата обновления
12 января 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы