Меню

Страницы

Статья

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың ҚР Үкіметінің отырысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу мәселелері жөніндегі тезистері Нұр-Сұлтан қ., 2022 жылғы 18 қаңтар, сағат 09:00

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың

ҚР Үкіметінің отырысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік

тауарларына бағаның өсуін тежеу мәселелері жөніндегі тезистері

Нұр-Сұлтан қ., 2022 жылғы 18 қаңтар, сағат 09:00

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

 

Мемлекет басшысының инфляция деңгейін тежеу және мемлекеттік реттеу шараларын күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін салалық мемлекеттік органдар бірқатар шараларды әзірледі.

Ведомствоаралық іс-қимыл Үкімет деңгейінде үйлестірілетін болады.

Өз кезегінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі шаралар туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер.

Біріншіден, бұл азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің физикалық және бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары.

Осы бағытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен толықтыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта негізгі азық-түлік түрлерінің                              5 айлық қоры қамтамасыз етілген деуге болады. Бұл нарықтағы тапшылықты болдырмауға кепілдік береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, өндіріс-тұтыну балансын айқындайды және қажет болған жағдайда экспорттық шектеулерді енгізеді.

 

Екіншіден, сауда үстемелері мен сыйақыларға мемлекеттік бақылауды күшейту, сондай-ақ шекті бағаларды уақтылы енгізу арқылы бағаның өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар.

Үшіншіден, бағаның жоғары өсу тәуекелі туындаған жағдайда, монополияға қарсы органның құзыреті шегінде, нақты тауар нарықтарында мемлекеттік бағалық реттеуді енгізу.

Анықтамалық: Кәсіпкерлік кодекстің 119-бабы 180 күнге дейінгі мерзімге азық-түлік тауарларының бағасын толық реттеуге мүмкіндік береді.

 

Бүгінгі таңда Сауда және интеграция министрлігі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті мәндер мен шекті рұқсат етілген бағаларды енгізу әдістемесін бекітті. Жаңа әдістеме инфляцияның белгіленген дәлізінде сөрелердегі баға өсімін шектеуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына шекті мәндер бекітілген.

Әкімдіктер тарапынан сауда үстемесінің сақталуына және сауда желілерінің сыйақы алмауына күшейтілген мониторинг пен бақылау жүргізілетін болады. Осы жұмысқа тұтынушылар қатысатын болады.

Үстеме бағаны көтеретін сауда желілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жалпы, баяндаманы қорытындылай отырып, мынаны атап өткім келеді.

  1. Мұнай өнімдері мен сұйытылған газдың бағаларын бекіту бойынша қабылданған шаралармен қатар, Энергетика министрлігі жанар-жағармай материалдары, электр энергиясы және оларды тасымалдау бағаларын ұстап тұру бойынша қосымша шаралар әзірледі.
  2. Сондай-ақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмір бағасының өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауда.
  3. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бизнес субъектілерінің монополиялық жағдайды теріс пайдалануы немесе сөз байласу белгілері болған жағдайда монополияға қарсы ден қою шараларын дереу қабылдайтын болады.

***

Тұтастай алғанда, мемлекеттік органдардың жұмысы Жедел іс-қимылдар жоспарында көзделген барлық шараларды сапалы орындай отырып, жоғары инфляция проблемаларын шешуге бағытталатын болады.

Әлихан Асханұлы, бұл мәселелер менің жеке бақылауымда болады. Апта сайын барлық ұсынылған шаралардың орындалу барысы қарастырылатын болады.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
18 января 2022
Дата обновления
18 января 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы