Меню

Страницы

Статья

ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысына «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндамасы ,Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Парламенті Сенаты, 2022 жылғы 20 қаңтар, сағат 10:00

ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың

ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысына

«Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты

үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы

келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндамасы

_________________________________________________________________________

Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Парламенті Сенаты, 2022 жылғы 20 қаңтар, сағат 10:00

 

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің назарларыңызға «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қарауларыңызға енгізілді. 

Осы Келісімді ратификациялау арқылы, Келісімге қатысушы елдерде сынақтар бойынша қосымша рәсімдер жүргізілместен, Қазақстанда әзірленген стандартты үлгілерді тануға мүмкіндік береді.

Яғни, Қазақстан Республикасында стандартты үлгі өндіріліп,  сынақтардан және үлгінің типін бекітуден өтсе,  Келісімге қатысушы басқа елдер, қосымша сынақтарсыз техникалық құжаттаманың сараптама нәтижелерін қосымша сынақтарсыз мойындайды.

Анықтамалық: ҚР-да стандартты үлгілерді өндіру бойынша барлығы 16 ұйым бар, олар: КазСтандарт, «Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты» РМК, «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Центргеоаналит» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ.

 

Осылайша, мемлекетаралық мәртебесі бар осы Келісімді ратификациялау, метрология саласындағы өлшеу нәтижелеріне деген сенімді арттырып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Мемлекетаралық стандартты үлгілер, экономиканың түрлі салаларында сұранысқа ие және кеңінен қолданылады.

Анықтамалық: ағымдағы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша Мемлекетаралық стандарттық үлгілер тізілімінде барлығы 2327 бірлік тіркелген.Оның ішінде РФ – 1862, ҚР – 337, БР – 62, УР – 46 стандартты үлгі.

 

Ұлттық тізілімде 634 стандартты үлгі тіркелген. Оның ішінде,  337 стандартты үлгі Мемлекетаралық стандартты үлгілер   тізіліміне енгізудің.

Ағымдағы жылы, біздің Стандарттау және метрология институты  163 стандарттық үлгілерді әзірлегенін, олардың Мемлекетаралық стандартты үлгілер   тізіліміне енгізілгенін атап өткім келеді.  

Анықтама үшін: мемлекетаралық стандартты үлгілер Келісімге қатысушы елдерде сынақтар бойынша қосымша рәсімдер жүргізбестен танылады (типті бекіту бойынша уақытты орта есеппен 1,5 айға айтарлықтай қысқартады).

 

Құрметті  Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Қорытындылай келе, осы Келісімді ратификациялау Келісімге қатысушы елдер арасындағы техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретінін атап өтемін.

Бұл Келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін жағдай жасайды, бұл стандартты үлгілер экспортының дамуына қолайлы әсер етеді.

Бизнес үшін – бұл қаржылық әл-ауқат үшін жаңа жағдайлар жасайды, әкімшілік жүктемелерді қысқартады және кәсіпкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Құрметті депутаттар, қолдау көрсетулеріңізді сұраймын!

Баяндама аяқталды, назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
20 января 2022
Дата обновления
20 января 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы