15.12.22ж. Үкімет отырысына Б.Т. Сұлтановтың тезистері
Үкіметтің қаржы-экономикалық блогы тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауы жөнінде келесіні атап өткім келеді.
Ұлттық экономика министрлігі әртүрлі монопольдық операторлар мен делдалдардың алатын тарифтері мен комиссиялары бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуде.
Қорытындылары бойынша пысықталған ұсыныстар Сіздің қарауыңызға енгізілетін болады.
Сондай-ақ өңірлердің қаржылық дербестігін кеңейтуді көздейтін бюджетаралық қарым-қатынастар жүйелерін қайта қарауды заңнамалық бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Атамекен» ҰКП реформалау шегінде шағын бизнес субъектілерін қолдауды және қорғауды күшейту бойынша шаралар пысықталуда.
Ұлттық экономика министрлігі осы шаралардың орындалуын ерекше бақылауға алған.
Қаржы министрлігі процестерін толық цифрландырумен қатар бюджеттік жоспарлауды реформалау бойынша, сондай-ақ мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдау әдістемесін әзірлеу бойынша шаралар қабылдауда.
Сонымен қатар, уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды заңнамалық қатаңдату жөнінде ұсыныстар әзірленген.
Бүгін кеден посттарындағы проблемалық мәселелерді пысықтау үшін, көршілес елдермен өзара саудадағы кедергілерді жою, сондай-ақ кедендік пен салық әкімшілендіру тиімділігін арттыру бойынша шараларды уақтылы қабылдау мәселелерін талқылау үшін Алматы қаласы мен Алматы облысына менің сапарым жоспарланып отыр.
Алматы қаласына РФ мен Қырғыз Республикасының тиісті қызметтерінің басшылары шақырылған.
Сонымен қатар агломерациялық әкімшіліктерімен бірлесіп Алматы қаласының әкімдігінде сауда саласын дамыту бойынша кеңес өткізілетін болады.
Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігі Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктерімен бірлесіп сауда объектілерін оның ішінде ірі базарлардың қызметін ретке келтіру және одан әрі дамыту мәселелерін пысықтауда.
Ұсыныстар цифрландыруды ескере отырып, жаңғыртуға және халықтың мүдделері ескеріліп, сауда операцияларын заңдастыруға бағытталатын болады.
Жалпы, мемлекеттік органдардың жұмыс бағыты Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауға бағдарланатын болады.
Әлихан Асханұлы, осы мәселелер апта сайынғы негізде барлық ұсынылған шараларды қараумен қатар менің жеке бақылауымда болады.