ҚР Парламент Мәжілісінің
Пленарлық отырысына
Құрметті Ерлан Жақанұлы!
Құрметті депутаттар!
Сіздің қарауыңызға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану жөніндегі келісімді ратификациялауға бағытталған заң жобасы ұсынылды.
Қазіргі уақытта, Қазақстандық заңнамасына сәйкес, барлық зергерлік бұйымдар міндетті түрде қазақстандық таңбамен таңбалайды.
Алайда бүкіл әлемде танылатын Швейцария Конфедерациясындағы зергерлік бұйымдардың сапасын назарға ала отырып, Қазақстан тарапы қайта таңбалауды жүргізбейтін болады.
Өзара қарым-қатынас қағидаты бойынша Қазақстан Республикасынан Швейцария Конфедерациясына әкетілетін зергерлік бұйымдар да таңбалауға жатпайды.
Келісімді қабылдау зергерлік бұйымдарды қайта таңбалау қажеттілігін жояды. Бұл зергерлік бұйымдарды экспорттау кезінде әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Белгіленген процедураларды жеңілдету экспорттың өсуіне жанама әсер етуі мүмкін.
Атап айтқанда, Швейцария тарапы осындай келісімдерді Ресей Федерациясымен, Франциямен, Италиямен, Австриямен, Испаниямен жасалды.
Келісімде заңнаманың барлық талаптары ескерілген. Оны ратификациялау Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізуге алып келмейді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Анықтама:
Швейцария тарапы Келісімнің күшіне енуі үшін ратификациялау жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады (Келісім бойынша Швейцария тарапының мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы ҚР-дағы Швейцария елшілігінің нотасы келіп түскені туралы ҚР СІМ-нің хабарлама-хаты алынды (2021 жылғы 20 желтоқсандағы шығ. № 17-17/106643).